Отбасы - ошақ қасы

Сағынбау сені мүмкін бе?...

  • © el24.kz

    © el24.kz

Мен онымен курортта таныстым. Алғаш көргенде ақ жүрекке жақын, көзге ыстық болып көрінді. Он бес күніміз ертегіге бергісіз болып өтті де кетті. Курорттағы қыз -қырқынның бəрі қызыға да, қызғана қарайтын еді. Ол көрікті де сымбаттыболатын. Қасында жүрсең өзіңді бақытты сезінесің, əңгімелері де əсерлі, ішіңді пыстырмайтын. Бір күніміз,бір күнімізден қызықты өтті. Ол кез өмірімдегі қайталанбас ең бақытты күндерімнің бірі болған екен.


Қоштасарда бір бірімізді қимай қоштастық. Қош, сонымен телефонмен ғана хабарласып тұрдық. Қаншама ұйқы көрмеген түндер, қаншама күндер маза көрмеген, айлап күндер өтіп жатты. Күндердің бір күнінде, ол мені өз қаласына шақырды. Қанатсыз ұшу дегенді мен сонда сезіндім. Кездестік, сағынышымызды бастық, мауқымызды бастық. Ұйқы көрмеген түндер, өз лəззатын сыйлап жатты.


Айтылмаған сыр қалмады, небір армандар да ақтарылды. Ертесіне қайтарымда шығарып салды, қимай қоштастық. Мені шығарып салғанда айтқаны отбасының бар екен. Осы уақытқа дейін айта алмағанын, мені ренжітіп алғысы келмегенін, менен айырылып қалғысы келмегенін айтқанда, аспан айналып түскендей болды. Кешірім сұрап қала берді қол бұлғап. Содан үйіме жеткенімше көз жасым құрғамады. Неге?- деген сансыз сұрақ мида қалып қойды. Қош. Сонымен оны санамнан өшірдім. Өшірдім дегенім жай сөз ғана. Қандай қиын еді өшіру, ұмыту, сағынбау.


 


Баяғы күліп ойнау да жоқ, алға деген ұмтылыс та жоқ. Мағынасы қалмағандай өмірдің. Алданып қалғандай сезіндім өзімді. Уақыт емші. Өз дегенін жасады, Ұмыттым.

Арада он жыл өткенде кім ойлаған оны іздеп тауып келеді деп. Сонау бір түкпірдегі ауылдағы үйімді тауып келген, қаншама адасып, əркімнен сұрастырып жүріп зорға тауып алыпты. Міне, ғажап, он жыл өткенде не мекен жайым жоқ, не телефон нөмерім жоқ қолында, тауып алған. Мені тауып алғанда, оны көргендегі қуаныш сезімін айтып жеткізу мүмкін емес. Өкпе ренішімнің ізі де қалмаған. Кешірген екенмін. Көшеде ешкімнен қысылмай құшақтасып ,аймаласып тұып қалыппыз.Қуаныштан көзден жастар кетіп жатты. Іздеген табады деген, Құдайдың құдіретінде шек жоқ қой. Бір күн қасында болдым. Айтылмаған сырымыз қалмады. Ұмытпағанын, есінде үнемі болғанымды, сағынғанын бəрін -бəрін жеткізіп жатыр.




Бірақ отбасын да тастап кете алмайтынын жеткізді. Мен оны қинағым келмеді. Ұмытуын өтіндім. Ұмыт, іздеме, сағынба. Осы үш ауыз сөзді жүрегім сыздап тұрып жеткіздім. Қимасам да тағыда қоштастық. Тағы да жүрекке түскен салмақ. Білемін, ол да ұмытқан жоқ əлі. Мен де ұмытқаным жоқ. Бірақ қосылмайтын тағдыр біздікі. Көңілдес болып,өзімді алдағым да келмейді.Бұл дүниеде шын ғашықтар қосылмас, қосылмасақ та маған МАХАББАТ деген СЕЗІМДІ сезіндіртіп кетті. Өкінбеймін тағдырыма, сондай адаммен жолықтырғанына, сырластырғанына. Қайда жүрсе де аман болсыншы. Бақытты болсыншы сол адам деп тілеймін. Мүмкін Алла бізді тағы кездесуді жазатын шығар. Мен оны сүйем.Күтемін. Ол менің махаббатым, сағынышым, қол жетпес арманым. 


el24.kz




Көрілген: 1879    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 26.01.2018, 11:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қаңтар, 11:19
    Келін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28