Отбасы - ошақ қасы

Салафиттерге сый ретінде берілген әйел басынан өткен сұмдықты айтты (видео)

  • Салафиттерге сый ретінде берілген әйел басынан өткен сұмдықты айтты (видео)

    Салафиттерге сый ретінде берілген әйел басынан өткен сұмдықты айтты (видео)

Facebook әлеуметтік желісінде салафитке тұрмысқа шығып жәбір көрген әйелдің видеоүндеуі жарияланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


Шымкент қаласының тұрғыны жақындары мен жеке бас қауіпсіздігі үшін аты-жөнін жасырып қалды. Әйелдің айтуынша ол салафитке тұрмысқа шығып, көп ұзамай басқа салафит жігіттерге сый ретінде берілген.


"Намаз оқып, салафитке тұрмысқа шыққаннан кейін сіздің әрбір айтқан уағыз, лекцияларыңызды тыңдап келемін. Сіздің шәкіртім деп жүрген салафит бауырыңызға тұрмысқа шықтым. Көп ұзамай өзімнің бауырым деп жүрген екінші салафитке мені сый, зат ретінде сыйлады. Екіншісі үшіншісіне, үшіншісі төртіншісіне сыйлап кете берді. Әр тұрмыста балалы болып отырдым. Бір салафитке барасың: «Бұған кім кінәлі?» деп сұрақ қойсаң, «Тағдыр ғой, қарындасым. Сабыр сақта!» дейсіздер. Қайдағы тағдыр, бұған тағдыр емес, қателіктеріңіз, надан тірліктеріңіз кінәлі. Қанша қыз, келіншектер сіздің айтқан уағыздарыңызды, лекцияларыңызды тыңдап, шәкірттеріміз деген адамдарға тұрмысқа шығып, қанша бала жетім болды, қанша әйел жесір болып көшеде тентіреп жүр?!" дейді әйел. 



Әйел имамның көмегіне жүгінгісі келетінін айтқанда бұрынғы күйеулері олардан алыс жүруді бұйырғанын айтады.


"Имамдарды тыңдамаңадар. Олар биғдатшылар, адасушылар" дейсіздер. Олар емес, сіздер адасушыларсыздар. Шетелге қашып, ел арасына іріткі салып, қазақ келіншектерін жақсы жолдан тайдырып, шүберек секілді пайдаланып отырған сіздер", - деп ішкі зарымен бөліскен әйел қыздарға ақылын да айтты.

"Қыздар, әлі де кеш емес. Ес жинауға уақыт бар. Мен салафитпін деп жүргендерге тұрмысқа шықпаңдар. Олардың арбауына түсіп қалмаңдар. Бастапқыда олар жәннаттық өмір сыйлайтындай көрінеді, бірақ арбауына түсіп қалғаннан кейін дегендерін істейді" деп қыздарға кеңесін айтты.


Өзі жәбір көрген адамның есімін атады.


"Жәннаттың кілті ананың табанының астында. Менің әрбір көз жасым, балалардың көз жасы, қаншама әйелдің көз жасына қалған Ділмұрат, ертең әрбір көз жасымның ақысын сізден аламын. Әрбір қыздың көз жасына, хақысына, сен жауаптсың. Бала-шағамның көрген қиыншылығының, ақысын сеннен аламын. Шынайы білімді адам қазақ халқына, Қазақстан еліне қызмет етіп, шынайы жаны ашиды. Ділмұрат, басқа ілімділер сен секілді елінен қашып, іріткі салмайды. Осы жағын терең ойлансаңыздар деймін" деп сөзін түйіндеді әйел.




Көрілген: 3994    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.05.2018, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31