Отбасы - ошақ қасы

Семейлік келіншек отбасын сақтап қалу үшін жас жігіттен бала туып алған

  • Семейлік келіншек отбасын сақтап қалу үшін жас жігіттен бала туып алған

    Семейлік келіншек отбасын сақтап қалу үшін жас жігіттен бала туып алған

Семей тұрғыны отбасын сақтау үшін, студентпен көңіл көтеріп, бала туып алған. Күйеуінің қашан көтересің деген сөзінен шаршаған келіншектің осы тәсілге сүйенбеске амалы қалмапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Арина күйеуімен отау құрғанына бес жыл өтсе де, балалы бол алмаған. Олар Сергейдің әке-шешесімен бірге тұрыпты.


«Енем мені бедеу деп қаралайтын. Алайда мен бірнеше рет тексеруден өтіп, 100 пайыз балалы болуға мүмкіндігім бар екенін білдім. Ал күйеуіме тексеріл дегенімде, ол мұны теріс қабылдады. Ол бұрын да отбасылы болғанын, сегіз жасар қызы бар екенін алға тартты. Мені «жас шағыңда қыдырып, аборт жасатқансың. Содан көтере алмай жүрсің» деп себепсіз кінәләды. Мен оны жақсы көргенім соншалық, бәріне дайын едім», - дейді Арина.

«Сергей жұмыстан кешігуді, бірнеше күнге кетіп қалуды шығарды. Менен күннен-күнге алыстай бастады. Ал мен отбасымды сақтап қалу үшін барымды салдым. Оқуым Павлодарда болғандықтан, сессия уақытында сол жаққа кетуге тура келді», - деген кейіпкер, күйеуінің көзіне шөп саламын деген ойда болмағанын айтты.


«Оқудың алғашқы аптасында-ақ группаласым туған күнін тойлап, бәріміз бас қостық. Сол жерде Равиль есімді жігітпен таныстым. Ол менен төрт жасқа кіші болатын. Өзі менің күйеуіме қатты ұқсайтын еді. Туған күннен соң ол да менімен кездесудің жолын іздеді. Бірақ мен үнемі қашып жүретінмін. Сондай-ақ Равиль менің тұрмыста екенімді де білді», - дейді Арина.

Оның өзіне ғашық екенін білгенде кейіпкер жоспар жасай бастаған.


«Мен телефон арқылы құрбыма Сергейдің суып бара жатқанын және Равильдің қыр соңымнан қалмай жүргенін айттым. Сонда құрбым әзілдеп «неге Равильден бала туып алмайсың?» деді. Ал мен түні бойы ұйықтай алмай, ойланып шықтым», - деген келіншек ақыры ойын жүзеге асырған.


Равиль оған бірнеше рет күйеуімен ажырасып, өзіне тұрмысқа шығуды да сұраған екен. Алайда сабақ бітіп, Семейге барғанда сағынған күйеуі оны өте жылы қарсы алыпты.


«Арада екі апта өткенде Сергейге жүкті екенімді айттым. Оның бақытында шек болмады. Ал Равильге арамызда болған жайт қателік екенін, енді хабарласпауын өтіндім», - деген келіншек оқиғасын аяқтады.

Алайда төрт айдан соң Равиль қайта хабарласқан. Бірақ сезімі үшін емес, қиын жағдайға тап болғандықтан қарызға ақша сұрапты. Ал Арина өзіне бақыт сыйлағаны үшін ақшаны аударып жіберген. Кейіпкердің пікірінше әр нәрсенің өз өтемі бар. Ал берген ақшасы үшін ол Равильден ешқашан қайта мазаламауын өтінген. 




Көрілген: 5043    Пікірлер: 0

жұма, 16.02.2018, 10:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30