Отбасы - ошақ қасы

Сезімімді табанасты еткен жанмен бірге тұрудың өзі азап екен...

  • Сезімімді табанасты еткен жанмен бірге тұрудың өзі азап екен...

    Сезімімді табанасты еткен жанмен бірге тұрудың өзі азап екен...

 Біреуді сүйдің, бар қылығын ұнаттың, кейін оны өзіңе жар еттің. Сен оның тəнін де жанын да сүйесің. Күндер өтті. Сендер сəбилі болдыңдар. Оның кейбір тұстары бұрынғыдан сəл өзгерді. Уақыт өте келе ол сенен үлкендеу көрінетін болды. Сенің оған деген сезімің де өзгерді. Ол сенің махаббатың мен бір ауыз жылы сөзіңді есту үшін асығатын болды. Ал сен одан сайын алыстай түстің. Сырттан сұлу көрсең, соларды жарыңнан сұлу деп санадың. Өзіңе сəби сыйлаған, кезінде ғашық болған жарыңды емес. Ал оның саған деген сезімі еш өзгеріссіз қалпында. Ол сені қандай қалпыңда да, ауырған сəтіңде де, басыңда қиындық туған күнде де жаныңнан табылды. Сен оның қадірін түсінбедің. Одан сайын басындың. "Толып кеттің", "ары жатшы" деп менсінбейтін де болдың. Ол сені сонда да сүйетін. Қиналды жаны сорлының. Сен өзгелермен сөйлесіп, кездесетінді шығардың. Арын таптадың жарыңның. Саған сеніп жүрегін ұсынып еді ғой. Сол жүрегінің быт-шытын шығардың. Өмірін тозақ еттің. Есіңде болсын, ер азаматы қазағымның, отбасын құрмас бұрын тереңірек ойланып барып қадам бас. Əйеліңді сүймейтіндей халге жетсең, өмірімен ойнама, босат оны. Сенің махаббатыңа мəжбүр болып жүр ол. Ал сенің ойың басқа əлемде. Бір тоқтамға кел. 


Бұл менің жанымдағы жарыма айқайлап айтқым келетін ішкі сырым, бірақ мұны еститін құлақ, сезетін жүрек жоқ. 


(Адасып жүрген мен сияқты жандарға арналады)

Күліп жүрмін бақытты жандай əлемде

Ері сүйсе, бақытты əрбір əйел де.

Сүйікті болу жазбаған болса басыма

Менен сорлы табылмас мына əлемде...

РS: Мені аяп емес, жəй ғана қолдау көрсетіңіздерші. Ойым шашыраңқы болып кетті, айып етпеңіздер. Мен жары сүймейтін 30-ға таяп қалған əйелмін. Бақытты болғым келеді. Бірақ өзімді сүймейтін жанмен қалай өмір сүрем, қалай бақытты боламын? Енді оны кешірмеймін деп қанша тырыссам да, кешіріп қоя беремін. Ол менің сезімімді баяғыда аяқасты еткен, мені сүймейді. Бірақ ммен онсыз неге өмір сүре алмайтындай ойлаймын, әлде өзімді жоғалтып алғанмын ба?


Аноним 




Көрілген: 2463    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.02.2018, 15:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31