Отбасы - ошақ қасы

Шектен тыс қызғаншақтығым отбасымды ойрандай ма деп қорқамын

  • Шектен тыс қызғаншақтығым отбасымды ойрандай ма деп қорқамын

    Шектен тыс қызғаншақтығым отбасымды ойрандай ма деп қорқамын

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Маған ақыл қосыңыздаршы. Жасым 21-де. Тұрмысқа шыққаныма 3 жыл болды, тəп-тəтті балапаным бар. Жұбайым екеуміз бір-бірімізді жақсы көреміз, бірақ ол соңғы кездері өзгеріп жүрген сияқты. Машина алғалы не балаға, не маған жарытып та көңіл бөлмейді. Қарыздарды ойлап шаршап жүрген шығар десем, жұмыс істемегеніне 1 ай болды (бірақ аш емеспіз). Бір нарсені сатуға құмар. Өзім жұмыс істемеймін, тек үйдемін.


Өзімді мінсізбін демеймін. Ең үлкен мінім, шектен тыс қызғаншақпын. Одан көп күдіктене беремін, күн ара көп ұрсысамыз. Үйге келгенін күтіп отырамын, ал үйге келсе, керісінше жақтырмай отырамын. Бәлкім оны жалықтырып алған да шығармын. Ол мені жақсы көрмейтіндей көрінеді маған, ал бірақ жақсы көремін деп айтады. 

Сонымен айтайын дегенім, мəселе өзімде, өзім өте қатты қызғаншақпын, тіпті телефон шұқыласа тексеріііп отырамын. Қыздар түскен клип-видеоларды қараса дереу ашуланып кетемін. Мені солармен салыстыратындай болады да тұрады. Тіпті сол үшін инстаграмды да өшіріп тастағам. Ендігі мəселем өзім де, күйеуіммен жəне баска да адамдармен ара қатынасымды жақсарту үшін қалай өзгергенім дұрыс? Оны ары қарай қызғанғым келмейді, ол үшін не істесем болады?Күйеуімнің көңілін қалай тапсам екен? 

Тек тұрмыстық жауапкершілікті сезініп, мойындай алған адамдардан жауап күтемін...артық əңгіме керек емес...

 

Аноним 



Көрілген: 1403    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 17:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31