Отбасы - ошақ қасы

Ішерге асымыз, киерге киіміміз жоқ...

  • Ішерге асымыз, киерге киіміміз жоқ...

    Ішерге асымыз, киерге киіміміз жоқ...

 Сəлеметсіздер ме, құрметті оқырман. Басынан өткізген жəне өткізіп жатқан жайтты əпке-жеңгелермен сырымды бөліскім келеді.Жасым 22-де.Тұрмыстамын, бір ұл бір қызым бар,Алла бұйыртса үшіншісіне ай күнім жетіп бүгін-ертең деп күтіп отырмыз. Өзіміз пәтер жалдап тұрамыз, бізбен бірге қайным да тұрады.Ақшалай қатты қиналып кеттік, пәтер ақы, несие,  дегендей.


Жанжарым мен қайным ары да, бері де тартып жеткізе алмай отыр.Пәтерде  жүрсең неге туа бересің дейтін шығарсыздар,  бірақ келесі айда спираль салдырам деп жүргенімде көтеріп қойдым. Сəбидің кінəсі жоқ қой.  Құдай беріп тұрғасын əр бала өз несібесімен ғой деп дүниеге əкелуді шештік.


Ата-енем Шымкентте тұрады олар бізден ақша сұрамайды, біз сұрайық десек олардың да дəл қазіргі уақытта жағдайлары мəз емес .Өз ата-анамда ақшадан қиналып отыр.Ата-аналарымызды қинағымыз келмейді.Босанатын уақытым келді, ал мен ешқандай дайындықсыз отырмын.Күйеуімді аяймын, қайта-қайта айта бергімде келмейді ештеғе алмадым деп. Ертең босанған соң балама не кигізем, өзім не кием деп уайымдап отырмын, жағдайымыз не болар екен. Қызым мен ұлымда кигізген киімдерінің бəрі ескіріп жарамсыз болып қалған.Алла құлына көтере алатын сынақ береді дейді емес пе. Бұл сынақта нда аман-есен өтеміз деген ойдамын. Қазіргі заманда қу ақша болмаса бір қадам да аттай алмайтын болдық қой.Өмірден түңілгім келмейді.Артық əңгіме қажет емес ,жай ғана ішімдегіні ақтарғым келді...


Аноним 




Көрілген: 1674    Пікірлер: 4
Пікірлерді оқу (4) preloader

дүйсенбі, 17.04.2017, 15:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31