Отбасы - ошақ қасы

Шетелдікпен көңіл жарастырған алматылық әйел өзегін өртеген өкінішімен бөлісті

  • Шетелдікпен көңіл жарастырған алматылық әйел өзегін өртеген өкінішімен бөлісті

    Шетелдікпен көңіл жарастырған алматылық әйел өзегін өртеген өкінішімен бөлісті

Алматылық Татьяна Бережная азаматтық некеге тұрған шетелдік күйеуінің үйіне, Иорданияға барған. Алайда келіншектің қайын жұрты оны жібергісі келмей, тіпті құжаттарын алып қойып, әбден әбігерге салыпты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Татьяна бірнеше ай бұрын қыздарын алып, жолдасының Иорданиядағы туыстарына қыдырып барады. Ал азаматтың өзі болса Қазақстандағы кейбір мәселелерді шешкен соң, артыңнан барамын деп, оны шығарып салады.


Келіншектің айтуынша, күйеуі келмей кешіге беріпті. Ал қайын жұртындағылар оның құжатын алып, қайтып бергісі келмей жүрген. Уақыт өте, олар Татьянаның екі қызының азаматтығын өзгертіп, сол елде үш ай көлемінде мәжбүрлеп ұстайды.


"Біз қайта алмай жүргенде күйеуім келді. Енді ешқашан қайта алмайтын шығармыз деп қорықтым. Бірақ күйеуім бізге билет алып келіпті. Содан кейін бірден Қазақстанға келдік. Үйге оралғанымызға қуанып тұрмыз, енді ешқайда бармаспыз", - дейді әйел.


Татьяна елге оралған соң азаматтық некедегі күйеуімен айырылысып кеткен. Енді әйел қыздарының азаматтығын қайта қалпына келтіруді ойлап отыр.


NUR.KZ




Көрілген: 5416    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.05.2018, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30