Отбасы - ошақ қасы

Шымкентте туған әкесінен зорлық көрген балаларды асыраған әйел опық жеп қалды

  • © nur.kz

    © nur.kz

Шымкентте туған әкесінен зорлық көрген балаларды бауырына басқан келіншек опық жеп қалды. Жетім қалған балалардың туысы асыраушы әйелді "бауырымның қызын жындыханаға әдейі жатқызып, мемлекеттен берілетін жәрдемақыны өзі алып отыр" деп айыптады.


Отбасындағы қайғылы жағдай осыдан тура жиырма жыл бұрын орын алған. Үйдегі отағасы әйелін ұрып соғып, балаларына жиі зәбір көрсететін болыпты. Күйеуінен оңбай таяқ жеген келіншек ауруханаға түскен кезде, төрт баланың тұңғышы- он екі жастағы жеткіншекті туған әкесі зорлап тастаған.


Қатты шошынып қалған қыз бала ауруханаға барып, болған жағдайдың барлығын анасына айтып береді. Мұнан соң, әкесі бірден қамауға алыныпты.


Отағасы ұсталған соң оның туыстары келіншектің үйін тартып алып, бала-шағасымен бірге көшеге қуып шыққан. Арада үш-төрт жыл өтіп, жалғызбасты ана жол апатынан қаза табады.


Ал дәл осы кезде ата-анасының қарауынсыз қалған төрт баланы Сарыағаш ауданының тұрғыны Лейла Дарханбаева бауырына басып, асырап алған.


"1995 жылы төрт бала менің үйіме келіп, үш төрт күннен бері анасының жоқтығын, өздерінің аш екендерін айтты. Мен оларды үйге кірігізіп, аналарының жол көлік апатынан қайтыс болғанын анықтадым. Тұл жетім қалған жасөспірім төрт баланы Қызылорда облысындағы барлық ағайын туыстарына апардым.

Олардың ешқайсысы бауырларынан қалған ұл-қызды асырап алуға ниет білдірмеді. Кейін төртеуін де өзім асырап алуыма тура келді. Бұл кезде Қазақстанда тоқырау заман еді. Төрт баланы 1995 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін асырап бақтым. Ең тұңғыш қызы жүйке ауруына ұшырап, он жылдан аса уақыт диспансерлік есепте тұрады.

Екі жылдан бері балалардың әкесінің қарындасы пайда болып, мені мемлекеттен берілетін жәрдемақыға бола қыздарын әдейі жындыханаға жатқызған деп кінәләп отыр", - дейді жетімдерді баурына басқан Лейла Дарханбаева.

Араға жиырма жыл салып, азаматшаға кінә артып отырған туыстарының әрекеті Лейла Дарханбаеваның жанына қатты батқан. Өйткені жалғызбасты ана өзгенің балаларына өзінің туғанындай қарап, асырап баққанын айтады.


Асыранды төрт баланың әкесінің туған әпкесі жүйке аурулар диспансерінде есепте тұратын қызды екі жылдан бері қамқорлығына алғанын айтуда. 


Nur.kz




Көрілген: 2169    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.02.2018, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31