Отбасы - ошақ қасы

Сіңілімді ерке күйеуінен ажыратып алдым

  • © qkz.kz

    © qkz.kz

Сіңілім үйдің еркесі, ерке болса да өзі аңғал сондай. Ол 27-ге толса да біз үшін әлі кішкентай қыз секілді. Əкем маған бермегенді Самалға беріп өсірді. Еш қиыншылық көрген емес.


Магистратураны бітірер кезінде аяқ асты бір жігітті тауып Соған тұрмысқа шығамын деп шықты. Бəріміз дал болдық. Жігіт 30 ға келіп қалған. Самал 24 жаста еді. Кім ол,ата-анасы кім сұрастырайық десек тыңдамай жолатпай қойды. Не керек ес тоқтатты оқыды ғой,оңды солын танып қалды ғой деп араласа қоймадық.


Келер күнін белгілеп құдалар да келді. Құдалар төгіліп шашылып келді. Ондай құдалық болған емес. Дүркіреп келіп Самалымызды алып кетті. Бірақ куйеубала бір көргеннен-ақ ешкімге ұнай қоймады. Бойшаң келген сары жігіт екен. Көзі дұрыс көрмейді айналасын. Бəріміз дал болдық сонша жүріп бұл жігітті қайдан тапты деп. Самалды мен ұзатып бардым.


Асқандық емес, өте қарапайым жанұя екен. Үйі ескі кен. Күйеубала Астанада күзетте жұмыс жасайтын болғасын олар кетеді ғой бəрібір, бұл үйде тұрмайды деп мəн бермедік. Сол үйде қаншама адам бірге тұрады екен.


Сонымен олар Астанаға кетті. Самал оқыған болғасын жылдам жұмысқа орналасып алды. Пəтер жалдап тұрады. Күйеубала бір кісінің үйін күзететін еді. Бірақ Самалға қашан қоңырау соқсам күйеубаланы балағаттап ұрысады да отырады. Қой ұрысса ер адамның пірі болады деп мен сіңіліме үйретіп отыратынмын. 2 жыл солай өтіп кетті. Самал құрсақ көтерген жоқ.


Мен бірде іссапармен Астанаға 2 айға баратын болдым. Солай Алла үйлестірген шығар. Самал менімен бірге тұрасың деп қоймағасын солармен тұрдым. Қарасам Самал куйеубалаға ұрыса береді. Ұрысатындай бар екен. Кəдімгі кішкентай бала секілді күйеуі. Оған қолыңды жу,бетінді жу,бетінді сүлгіге сүрт, сақалыңды ал,тырнағың өсіп кетіпті деп ескертіп отырады екен. Ескертсе істесе мейлі 100 айтқызып орындатады екен. Аяғының тырнағын өзі ала алмайды. Ол да Самалдың жұмысы. Тамақ салса алдыңнан же,ортадан емес деп ескертпесе білмейді. Шынымды айтсам менің 5 жастағы ұлыммен жасты сияқты. Киімін ұрысып жүріп əрең шешіп алады жууға. Айта берсем көп. Сіңлім соның қараушысы сияқты қатты əбіржіп қалыпты. Күйеубала төсекте де дұрыс бола алмайды екен. Ерке деген сіңілім ерке емес, ақылды қыз болыпты. Осыншама жағдайды бір ауыз айтып шағымданған емес. Неге көтермейсің десем сіңілімнің жылап айтқаны осы. 2 ай жүріп кетер күнім таяғанда сіңілімді көріп тұра тастап кете алмаймын деп шештім. Əкем Самалды қатты жақсы көреді. Əкеме айттым. Самал сол үйдің еркегі, əйел емес деп. Самал күйеуін мүлдем сүймейтіні көрініп тұратын еді. Не керек болмайтын нəрсе болмайды деп ажыратып алдық. Сіңілім қатты күйзелісте жүрді. Ажырасу жайлы ойламаған едім деп. Бірақ тордан шыққан құстай жеңілмін дейді. Қазір ата анаммен тұрып жатыр. Біраз болды ажырасқанына. Енесі алып кетем деп көп келді. Бірақ əкем көнген жоқ. Баласының қылықтарын айтсақ, енді ерке гой дейді, 30 жаста қандай еркелік түсінбеймін. Солай көңілім енді орнына түсті. Ұстап тұрар баласы жоқ ортада.


Мен дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Мені сіңілім кейін жазғырмаса екен отбасыма араластың деп. Иә, араластым. Бірақ көре тұра көз жұма алмаймын. Ендігі ойланатыным сіңілім ертерек өз теңін тапса екен, ана болса екен деймін. Сіңілімнің тағдырына араластым. Бірақ себепші болған шығармын жазған тағдырға. Ендігі мəселе сіңілімнің телефонынан хаттар оқып қалдым. Бала кездегі алғашқы махаббатымен сойлесіпті. Ол жігітті бəріміз танимыз. Мектеп оқып жүргенде талай хаттарын оқып қойғанбыз. Сол жігіт Самалға хабарласып жүр екен . Былай өңді, салмақты жігіт. Ата-анасы қайтыс болған бала кезінде. Ол жігіттің де бағы ашылмапты, ажырасыпты. Сіңілімнің айтуынша үй салып жатыр екен. Үйленем деп жүр дейді. Былай тұрақты жұмысы жоқ. Жекеменшік жұмыстар істейді. Үй тұрғызу,жөндеу сияқты. Бірақ қара жұмысқа икемді жігіт. Сіңіліме неге ажырасыпты десем, білмеймін дейді. Тағы да менде үрей пайда болды. Сіңілім бақытты болса екен. Уайымдаймын. Тағдыры не болады екен. Ертерек тұрмысқа шығып, ана болса екен. . . Егер осы жігітті таңдаса бұл жолы тағдырына араласа алмаймын. Самал өте аңқау, алданғыш. Соған уайымдап жүрмін.


qkz.kz


 




Көрілген: 4654    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.12.2018, 19:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 11:05
    Жездеме ғашықпын...
    4 Қаңтар, 19:07
    Алғашқы махаббат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31