Отбасы - ошақ қасы

Сутенерлардан қашып шыққан Раушанның шындығы мен сұмдығы

  • Сутенерлардан қашып шыққан Раушанның шындығы мен сұмдығы

    Сутенерлардан қашып шыққан Раушанның шындығы мен сұмдығы

ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың назарына!


ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың назарына!


ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Асқар Шәкіровтің назарына!


 


Осыдан бірер күн бұрын сайтымызда секс-құлдықтан қашып шығып, базардағы халықтан көмек сұраған қыздың видеолары жарияланған еді. 5 мамырда Алматыдағы «Саяхат» автобекетінің маңында болған оқиға қоғамда қатты талқыланды. Жәбірленген қыздың тағдырына алаңдаушылар көбейді дейді qamshy.kz сайты.


Qamshy.kz ақпарат агенттігі мән-жайды білу үшін журналистік зерттеу жүргізді. Індетіп ізіне түсіп, ең алдымен Раушанды қылмыскерлерден арашалап алған «Желтоқсан-86» қоғамдық ұйымының төрайымы Гүлбахрам Жүнісованы таптық (видеода Раушанды құшақтап тұр). Ол кісі базарға керегін алуға барып, ойда жоқта қыздың қасынан табылыпты.


– Қазір мен қыздың жанында ауруханада отырмын. Бұл оқиға турасында прокуратураға хабарлап, мәселе көтеріп жатырмын. Жауапты органдарға осы шулы жағдайдың түбіне жетпей қоймайтынымды да жеткіздім. Бұл қызды енді бір Алла ғана менің қолымнан алады. Ол жерде тағы да өзбектің, қырғыздың, қазақтың 20 шақты қызы бар. Раушанның айтуынша, притонның біреуі Сейффулин мен Варшавская көшелерінің қиылысына таяу, Дулатов-17 мекен-жайында орналасқан. Үлкен қонақүй дейді. Иесі Марал деген әйел екен. Ал кешегі келіншек бұрын дәл осындай қылмыспен ұсталған. Қырғызстандық нөмір таққан көлік қашып үлгерді. Біз іздеу салып, арыз бердік. Дегенмен видеокамераларда қайда бағыт алғаны, бәрі сақтаулы. Жақын күндері ұсталады деп үміттенеміз. Қазір Раушан психологиялық тұрғыда өте ауыр жағдайда. Әбден зәбір көріп шошынған. Тіпті мен қыздың жалғыз өзін палатада тастап кетуге қорқып отырмын. Себебі бұған дейін притон иелері полициядан да, ауруханадан да қыздарды ақша беріп алып кетіп жүрген екен. 4 жыл бойы қыздарды алдап әкеліп, азаптап, мазақтап, бүгінгідей жағдайға жеткізген. Раушанның халі кешегіден гөрі жақсарды, өз-өзіне енді келді. Базарға мен өзім қажет затымды алуға бардым. Жанымда базардағы саудагерлер, басқа да бір топ азамат болды. Қылмыскерлер қолындағы ең бағалы дүниесінен айрылғандай қызды менің қолымнан жұлып әкетпекші болды. Мен оларда қару болғанына 100 пайыз кепілдік беремін. Ол қызды неге іздейді? Әлбетте, нанынан айрылып жатқасын осылай әбігерге түседі. Бұлардың қолындағы қыздар жылдар бойы өз үйлерін, бауырларын көрмеген. Таяқтың астында өмір сүрген. Қазір Раушанның қауіпсіздігіне өзім жауапты болып отырмын, — дейді Гүлбахрам Жүнісова.


Оның сөзінше, Раушанның әкесі Қарғалы ауылында біреудің малын бағады екен. Ал інісінен мүлде хабарсыз. Барлық туған-туысынан күдер үзген. Анасы қайтыс болған. Ал Раушан сынды тағы 20 шақты қызды құлдықта ұстап отырған апалы-сіңілі Венера мен Айгүл деген әйелдер Жетісу аудандық Ішкі істер бөлімінде қамауда отырған көрінеді.


Гүлбахрам Жүнісовамен сөйлескен соң біз жәбірленушінің өз аузынан осы қылмыстың жай-жапсарын естиік деп Алматы облыстық ауруханасына арнайы бас сұқтық. Раушан бізді самарқау қарсы алды. Дәрігерлер қойған диагноз бойынша қыздың миы шайқалған, қол-аяғы жараланған. Шошынып қалған. Әйтсе де біздің сауалдарымызға толық жауап бере алды. 4 жылда көрмеген қорлығы қалмаған қыз о баста жеңіл жүріске өз еркімен түскенін мойындады.


— Осыдан төрт жыл бұрын «Алтын орда» базары маңында бір таксиге отырдым. Жезөкшелікпен айналысуды маған сол кісі ұсынды. «50-50 шартымен жұмыс істейсің, жатар орның, ішер асың тегін, қыдыратын жеріңе қыдырып, елден тәуір өмір сүресің», — деді. Мен келістім. Ол өзінің адамдарына хабарласып, олар мені бір сағаттың көлемінде алып кетті. Жарты жылдай маған ұрмай, соқпай, барын беріп, жақсы қарады. Кейінірек бір күнде 30 мың теңге «план» шығарасың деген талап қоя бастады. Таппасам, соққыға жығып, оқтаумен ұратын. Венера мен Айгүл күні бойы өз үйлерінің шаруаларын жасататын. Сәл қателессем, аямай сабайтын. Басымнан пышақпен ұрып қан-жоса қылып, қанды тоқтата алмай өздері де үрейленген кездер болды. Венера мені қонақүйге апарып, кешкі сағат 9-дан таңғы 6-ға дейін, шал демей, мас демей, неше түрлі еркектерге қызмет көрсетуге мәжбүрлейтін. Клиенттерден көмек сұрағанымды біліп қойғанда өлімші етіп тепкілеген. Бір апта ештеңеге жарамай қалдым. Венераның әпкесі Айгүл жаны ашып ортамызға түсетін. 


 




Көрілген: 4357    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.05.2018, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31