Отбасы - ошақ қасы

Сүйген жұбайы көзіне шөп салған әйелдер қандай әрекетке барады?

  • Сүйген жұбайы көзіне шөп салған әйелдер қандай әрекетке барады?

    Сүйген жұбайы көзіне шөп салған әйелдер қандай әрекетке барады?

Жұбайының опасыздық жасауы - ерлі-зайыптылардың ажырасуына алып келетін себептердің бірі. Тіпті, кей жанұяларда жасы келген азаматтар махаббатың соңынан кеетіп, басқа әйелге көңіл бұрады. Ендеше, сүйген жарыңыздың көңілдесі бар екенін біліп қойсаңыз, қандай әрекетке бару керек? Бұл сұраққа 999stories.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жауап береді.


Өмірлік серігіңіздің көңілі басқа адамға бұрылса, сізге міндетті түрде төмендегі психолог ұсынған кеңестерге құлақ түру керек.


1. Еш қиналмаңыз


Көп әйелдер жұбайының көңілдесі бар екенін білсе де, үндемей, іштей қиналып жүре береді. Бұл сізді тек қана бақытсыз етеді. Сол себепті, күйеуіңізге барлығын ашық айтып, таңдау алдына қойғаныңыз абзал.


Егер кеткісі келсе, кетуіне рұқсат беріңіз. Алайда статистикалық мәлімет бойынша, көңілдесіне бола отбасын тастағандардың жартысы өз жанұясына қайта оралады екен.


2. Барлығына сене бермеңіз


Көбіне әйелдер күйеуінің опасыздығы жайлы күдікті адамдардан естиді. Алайда сізге осы ақпаратты айтып отырған адам тек жақсылық ойлап отыр деуге бола ма? Осыны анықтап алыңыз.


Сол сияқты өзіңіздің түрлі ойларыңызды да тоқтата біліңіз. Күдігіңіз дәлелденбесе немесе көзбен көрмесеңіз, барлығына сене берудің қажеті жоқ.


3. Күйеуіңіздің көңілдесіне жаны ашуына жол бермеңіз


Көбіне әйелдер күйеуінің көңілдесімен кездесіп, онымен ұрысуды немесе балағаттауды дұрыс көреді.


Алайда осы кезде нәзік көңілдестің қасында отбасының ұйытқысы болған әйел ұрысқақ және мәдениетсіз болып көрінеді.


Ер адамдар сол үшін ұрыстан қашып, өзін жақсы көретін ашынасының құшағына кетеді.


4. Оған ерегісіп, опасыздық жасамаңыз


Егер әйел күйеуіне ерегісіп, керемет демалысқа кететін болса, үйге келгенде оны тек қана ұрыс күтеді. Бұл уақытта азамат өзін ойыншық сезініп кетеді. Бұл тәжірибе оның жүрегіне әсер еткенімен, жағдайды еш дұрыстамайды.


5. Оңайлықпен кешірмеңіз


Сіздің кешіріміңізді алу үшін оған біраз тер төгу керек. Ал жылдам кешірсеңіз, ол бағаңызды түсінбей, еш қиналмастан келесі жолы да көңілдесіне кететін болады.


Тіпті, өмірлік серігіңіздің тез кешіретін, ештеңеге ренжімейтін жұбайымен өмір сүріп, көңілдесімен уақыт өткізіп жүруі де ғажап емес.




Көрілген: 1757    Пікірлер: 0

жұма, 19.10.2018, 19:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30