Отбасы - ошақ қасы

Сүйгенімнен айырылып қалам ба деп қорқамын

  • Сүйгенімнен айырылып қалам ба деп қорқамын

    Сүйгенімнен айырылып қалам ба деп қорқамын

 Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Мен бір жігітпен бір жылдан астам уақыт бойы дос болып жүргенмін. Осы соңғы 4 айда жүре бастадық. Жақында ол шетелге оқуға кетті. Сол шетелге кеткелі, арамызда ұрыс-керіс басталды десем де болады. Бір жағынан оған сенбеймін. Көзіме шөп салып жүрген сияқты болады да тұрады. Барлық ұрыс негізі осыған қатысты. Бірақ, оның ешқандай артық қылығы жоқ, сонда да сеніңкіремеймін. Әлде ішімдегі ойдан ба, әлде одан айрылып қалам ба деп қорыққаннан ба, білмеймін.


Енді соңғы уақыттары ватсаппен звондауды да қойды. Есіне түскенде бір жазады. Өзім жаза бастасам, сабақтамын, мен телефонымды сөндірейін деп жатырмын, шаршап тұрмын деп сылтауратады. Бірақ, соның өзінде ватсапта отырады. Өзіне кеше бәрін ашып айтқанмын. "Маған бұлай қашқақтап жүргенің керек емес, ұнамасам ұнамайсың деп айтып таста, адамды ойға қалдырып, босқа қинама" дегенімде ол "жоқ, жаным олай айтпашы, тек сабақ қиындап кетті. Кейде интернетті сөндірем де ұмытып кетем, кейде біреулерді кездестіріп, солармен сөйлесіп тұрып қалам. Ештеңеге алаңдама, тек сені ғана сүйемін, тек өзіңе ғана үйленемін Алла жазса" деп жазды. Мен де сеңген кейіп таныта салдым. Сөзіне сенсем, оның марқұм анасына қатты ұқсайды екенмін, мінез жағынан да, сырт келбет жағынан да. Бірақ, білмеймін бір күдік мазалап болды. Көпті көрген әпкелер, қалай ойлайсыздар, не істегенім дұрыс, осыны ойланумен шарадай басым шақшадай болды. Бір кеңестеріңізді айтсаңдар, жақсы болар еді. Ол бала мүлдем ішпейді, темекі де тартпайды. Таныстарының бәрі "сені жақсы көрді ма,  сенен басқа ешкімге қарамайды, сен оған" деп отыр. Бір жағынан уақытымыз да дұрыс келмейді. 


Аноним 




Көрілген: 2008    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 14.09.2017, 19:07

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қыркүйек, 09:26
Қыз күнінде бәрі жақсы...
15 Қыркүйек, 10:29
Енем мені менсінбейді
7 Қыркүйек, 10:48
Мұғаліміме ғашықпын...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30