Отбасы - ошақ қасы

Сүйіктім құрбымды таңдады...

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі сүйіп қосылғаны қандай жақсы, шіркін. Кейде ойлаймын, егер жұбайлар шын сүйіп қосылса, ұрыс-керіс те, жанжанл да, ажырсу да болмас еді. Өйткені сүйген адамдар бір-біріне кешірімді болатын секілді. Өзімнің отбасылық өмірде бағым ашылмады. Өйткені мен сүйе алмадым, сүйікті де бола алмадым. Бүгін «Алаш айнасы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарына өзімнің махаббат мұңыммен бөлісуді жөн санадым.


Мен 19 жасымда тұрмыс құрдым. Өзіме құда бала болып келетін жігіт алып қашты. Ол жігітті сүймесем де, жүрмесем де, босаға аттағаннан кейін қалуға тура келді. Өйткені ата-анам оның ата-анасымен жақсы таныс, құдандалы адамдар. Егер мен қиғылықты салып кетемін десем, олардың қарым-қатынастарына сызат түсетін болды. Сондықтан өзімнің ықтиярлығымды білдіріп, түскен босағамда қала бердім. Көп ұзамай дүниеге қызымыз келді. Баспанамыз, баламыз бола тұра жолдасым екеуміздің дәм-тұзымыз жараспады. Ол күндіз жұмыста, маған аса көңіл бөле бермейді. Мен де оны қатты іздемеймін. Әйтеуір тамағын жасап, киімін жуып қоямын. Біз жаңа үйленген отбасы секілді емес, бір-бірінен әбден жалыққан адамдарша өмір сүрдік. Әрине, бұған менің де кінәм бар. Мен әйел бола тұрып оның назарын өзіме аудартуға тырыспадым. Өзім бірінші болып қадам жасауға кеудемдегі намыс жібермейтін, өзі менің көңілімді табуға тырысса, көңіл бөлсе деп ойладым. Ол да солай ойласа керек, бірақ ол отағасы бола тұрып отбасына көңіл бөлудің орнына бізден достарын артық көретін. Жұмыстан бос кезінде достарына кетіп қалады, кез келген той-томалаққа екеуміздің бірге баратын күндеріміз сирек еді. Қызымыз екі жастан асқанда екеуміздің дәм-тұзымыз жараспай ажырасып кеттік. Менің онымен бірге өткен өмірім мән-мағынасыз болып кетті. Сондықтан уақытты оздыра бермей ажырасуға бел байладық. Менің өзінен кететініме ол аса басын ауыртпаған секілді. Мен де еш қиналмалдым, қайта ажырасқан кезде иығымнан бір ауыр жүк түскендей жеңілдеп қалдым.


Некемізді бұзып бөлек кеткен кезде мен ендігі өмірімді тек қызыма арнаймын деп шештім. Қазір қызымның жасы 5-тен асты. Екеуміз менің ата-анаммен біраз уақыт бірге тұрдық. Қазір әкем өз үйлерінің жанынан қызым екеумізге бөлек шағын үй салып берді. Өзім жұмыс істеймін, қызым бала-бақшаға барып жүр.


Мен осы уақытқа дейін жүрегімде ер адамға деген махаббатқа орын жоқ деп ойлайтынмын. Бірақ жақында бір жігітті қатты ұнатып қалдым.


Менің бала кезден бірге өскен құрбым бар. Құрбым болғанда да екеуміз туған апалы-сіңлілердей болып кеткенбіз. Жақында құрбым Іңкәр екеуміз ортақ достарымыздың туған күніне бірге бардық. Сол жерде біраз жігіттер де болды. Жігіттердің бәрі жоғары білімді, намаз оқитын иманды жігіттер екен. Олармен танысып, телефон алмастық. Сол жігіттердің ішінде мен бір жігітті ерекше ұнаттым. Өйткені оның өзін ортада ұстауы, сөйлегені бәрі маған қатты әсер етті. Кейін ол жігітпен уатсап арқылы сөйлесіп жүрдік. Бірақ мен оны ұнататанымыды өзіне де, ешкімге де білдірген емеспін. Ол да маған ешқандай бөтен әңгіме айтқан жоқ. Бірде ол менен неге менің көздерім үнемі мұңды болып жүретінін сұрады. Мен оған өз өмірім туралы шындықты айтып бердім. Ол да өзінің отбасындағы қиындықтарымен бөлісті. Анасы ерте қайтыс болыпты, әкесімен тұрады екен. Ол маған бәрі жақсы болатынын айтып, көңілімді жұбатты. Сөйтіп анда-санда қал сұрасып, телефон арқылы сөйлесіп жүрдік.


Бірде құрдым Іңкәр маған үйге келді. Жүзі бал-бұл жанып қуанып тұр екен. Ол менімен өзінің қуанышты жаңалығымен бөліскісі келіп, асығып келгенін айтты. Іңкәрға бір жігіт сөз салыпты. Ол мен ұнататын жігіт еді. Мен іштей біртүрлі болып қалсам да, шын көңіліммен оған бақыт тіледім. Өйткені мен ол жігітке тең емеспін, бұрын тұрмыс құрғанмын, қызым бар. Ал құрбым үшін шын қуаныштымын.




Сара, Алматы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 2096    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.09.2018, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31