Отбасы - ошақ қасы

Сүйіктімді өзіме ынтық еткім келеді

  • Сүйіктімді өзіме ынтық еткім келеді

    Сүйіктімді өзіме ынтық еткім келеді

 Сəлеметсіздер ме, құрметті оқырмын!. Мен 2 ай бұрын әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен танысқан едім. Біраз уақыт сөйлесіп жүріп, сәті келгенде кездестік. Ол проводник боп жұмыс істейді екен. Оны көрмесем де хат жазысып жүргенде ұнатып қалғанмын, көрген соң тіпті ғашық болып қалғандаймын. Кейін өзі де менің жақсы көретінімді сезді. 


Ол менен "мені жақсы көресің бе" деп сұрады. Мен иə деп ағымнан жарылдым. Жасырып қалатындай себеп болмады, енді үнемі ватсапта сөйлесеміз. Жақсы көретінімді, сағынатынымды жазып тұрамын. Бірақ ол мені ұнатпады, бірақ ылғи да "сені қашан жақсы көріп кетер екем" деп айтатын. Кейде ол да мені ұнататындай боп көрінеді, кейде жəй менің көңілім үшін сөйлесетін адам секілді боп тұрады. Екеуміз екі бөлек қалада тұрамыз. Ол мен үшін осы қалаға арнайы кездесуге келген.


Ол пәтер жалдап мені шақырды. Жақсы көрген соң, оған сенгеннен кейін бардым, ештеңе істемейтініне көзім жетті. Өйткені тəрбиелі отбасынан шыққан жігіт, одан ондай арамдық шықпайды деп бардым. Бір күн қасында болдым. Мені жақсы көретінін, қарапайымдылығыңды ұнаттым деп айтты. Түнде бірге ұйықтадық, бірақ артыққа кетпедік, өзі "маған сен ,ештеңеде болмайды ,қорықпа тиіспеймін" деп айтты. Тиіскен жоқ өзін тежей білді. Абыройыңа нұқсан келтірмеймін деген сөзінде тұрды. Қазір екеуміз қыз бен жігіт болып жүріп жатырмыз. Бірақ кейде ол мені тастап кететін сияқты боп көрінеді. Недегенмен пойызда қанша қыз көреді, менен көңілі суып кетпей ме екен? Одан айырылып қалудан қатты қорқамын. Ол мені ұната ма, әлде менің өзін жақсы көретінімді білген соң жай ғана уақыт өткізіп жүр ме, соны біле алмай дал болдым. Оны өзіме ғашық ету үшін не істеуім керек? 


Аноним 




Көрілген: 2899    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.02.2018, 08:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31