Сүйіктісі үшін хиджаб киген қазақ қызы өз хикаясымен бөлісті

Сүйіктісі үшін хиджаб киген қазақ қызы өз хикаясымен бөлісті

Қызылорда тұрғыны 19 жастағы Әйгерім - хиджаб киіп жүретін қыз. Ол бұл шешімге екі жыл бұрын келіп, намаз оқуды үйрене бастаған. Бойжеткеннің айтуынша, мұсылман киімін кигелі оның өмірі түбегейлі өзгеріп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

"Менің хиджаб киіп жүретін құрбым болған. Оның киінгені маған қатты ұнағаны соншалық, мен де мұсылман киімдерін киюді жөн санадым. Бастапқыда ата-анам қарсылық танытса, әжем түсіністікпен қарады. Мен мешітке жиі барып, намаз оқуды үйрене бастадым. Бұрында менің достарым көп болатын, ал қазір тым аз.

Көбі менің киім үлгімнен ұялады. Алайда, мен хиджаб кигелі өмірімде Азамат пайда болды. Біз мешітте жұма намаз кезінде танысқанбыз. Оның анасы мен қарындасы да хиджаб киетін болып шықты. Ол мені жабық киінетінім үшін сыйлайды және жақсы көреді" , - дейді бойжеткен.

Қазіргі таңда ғашықтар кездесіп жүр. Әйгерімнің сүйіктісі, тіпті оған үйленуге ниетті.

Бір күні ол хиджабты шешіп тастауға бел буып, қатты өкініп қалған. Айтуынша, басқа қыздар сияқты киінгісі келген ол сүйіктісінен айырылып қалғысы келмеді.

"Азаматтың хиджаб кимейтін қыздарға көзқарасы жаман. Бір күні мен басқа қыздар сияқты киініп жүргім келеді дегенімде ол үн қатпады. Бірақ көңіліне қаяу түскені бірден аңғарылды. Менің ойымша, хиджабты шешкен күнімде ол мені тастап кетеді. Ал мен сүйіктімнен айырылғым келмейді" , - деп айтты ол.

Бойжеткеннің айтуынша, ол қысқа әрі ашық-шашық киім кигісі жоқ.

"Мен намаз оқуды тастайын деп тұрғам жоқ. Мешітке де күнделікті барып тұрамын. Намаз рухани дүниені тепе-теңдікте ұстауға көмектеседі. Мен ата-анамды тыңдамағаныма қатты өкінемін.

Қазір сәнді киініп жүретін қыздарға қарап қызығамын. Оның үстіне туысқандарымнан да ұят. Хиджабты шешіп тастасам, олар дұрыс түсінбеуі мүмкін. Азаматтың отбасымен де таныспын. Олар да менің мұсылман киімін киетінімнен хабардар." , - деп айтты Әйгерім.

Қазір жас қыздың басы қатып кеттті. Ол жергілікті имамдарға жүгініп, мәселесі жөнінде сөйлесіп көрмек.

"Әрбір адам өзі шешу керек. Мұсылман киімін кию керек пе, әлде жоқ па? Оны мен жақсы білемін. Бірақ бұл шешім менің болашағыма әсер етеді. " , - деп айтты ол.

"Ер жігіт қызды жақсы көрсе, қабылдауы керек. Киім үшін жақсы көру меніңше дұрыс емес. Оны махаббат деп айту да қиын. Оның үстіне 19 жас деген үлкен өмірдің тек бастамасы ғана. Кім болса да қателіктер жіберері анық. Егер кімде-кім өзгерістерге дайын болса, ол бірден басталады. Адам оны тек уақыт өткен соң түсінеді" , - деп айтты психолог маман. 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста