Отбасы - ошақ қасы

Сүйіп қосылған адамың жаныңа тіреу болмаса, бəрі бекер екен

  • Сүйіп қосылған адамың жаныңа тіреу болмаса, бəрі бекер екен

    Сүйіп қосылған адамың жаныңа тіреу болмаса, бəрі бекер екен

 Сəлеметсіздер ме, құрметті қауым!Өзімнің басымдағы жағдайды бөлісуді жөн санадым. Айып етпессіздер, ақыл қоссаңыздар, қуана-қуана қабылдаймын. Шіркін,  анам тірі болғанда ғой, ақылын айтып, бəрін реттер ме деп ойлаймын.Бәлкім, қазір бақытты отбасының бірі болар едім.


Жасым 23-те, 1,9 жасар қызым бар. Куйеуімнен кеткелі 8 ай болды. Араға ата-ененің тусуінен уйден кеткен болатынмын. Атам ішіп алып күн бермейтін. Оның ішетінінен, тиісіп сөйлеуінен шаңырағым шайқалды. Заңды түрде ажырасуға арыз жазбадық əлі. Әесі қызын келіп көріп тұрады. Қазір əкемнің үйінде тұрып жатырмын.


Күйеуім осы уақытқа дейін қайта қосылайық деп ешнәрсе айтқан емес. Тек бір рет қана "Егер отбасы болғың келсе, әке-шешемнің алдына келіп кешірім сұра" деді. Бірақ мен көнбедім, өйткені өзімнің көңілімді қалдырған жандардан кешірім сұрағым келмеді. Куйеуімнің бітпейтін жүрісі, ата-енемнің сөзі, қызыммен үйде отыруым, ешкімнің ьтарапынан қолдаудың болмауы, жалғыздық, осының бəрі мені депрессияға тусірді. Шыдамадым. Суйіп қосылған адамың жаныңа тіреу болмаса бəрі бекер екен. Күйеуіме "не ары, не бері болайық" десем, ажырасуға арызды өзім жазам деп жолатпайды. Қызым əкесін іздеп жылайды, жақсы көреді,. есіне туседі, журегім ауырады. Өзім жұмысқа шығып қызымды асырасам деймін. Диплом алғалы 3 жыл болды. Мамандығым бастауыш сынып муғалімі. Ендігі уақытта дипломым жарамсыз емес пе? Шымкент қаласының қай мекемесіне баруым керек, қандай құжаттар керек,  білетіндероіңіз болса, жөн сілтесеңіздер...


Аноним 




Көрілген: 2308    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.05.2018, 06:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31