Отбасы - ошақ қасы

Тап-таза арыммен алып еді...

  • Тап-таза арыммен алып еді...

    Тап-таза арыммен алып еді...

 Салеметсіздер ме! Өзіммен тағдырлас жандар болса, түсінер деп жазып отырмын. Жасым 24-те. Бір балам бар. Күйеуіммен ажырастым. Ажырасудың дұрыс емес екенін, әйел адам үшін жанұялық бақыттан асқан бақыт жоқ екенін білемін. Бірақ менің төзімім таусылды. 


Ол не әке ретінде, не жар ретінде өз міндетін атқара алмады. Мен оны кіналамаймын, бірақ баласын керек қылмады, не алимент төлемейді. Өмірімнің тас-талқанын шығарды. Мен оған тап-таза арыммен келіп едім. Бала туылғаннан кейін керек емес деді. Әрине, ортамызға оның ата-анасы, жеңешелері араласты. Ал ол болса өзінің баласынан бас тартып солардың сөзін сөйледі. Ішім өртеніп не істерімді білмеймін. Алдағы өмірімді уайымдаймын. Қалай мықты болуға болады? Кеңес айтыңыздаршы. Ендігі өмірім не болмақ? Мен қателестім жар таңдаудан. Өзімді сүймеген адамға тұрмысқа шығам деп бүкіл өмірім қор болды. Ол мені еркімнен тыс басып алып қашты. Мені сүйетінін айып, бақытты етемін деп ант-су ішіп алып қалды. Ішім өртеніп жүр уайымнан. Баламның толық отбасында өсе алмайтынына қынжыламын. 

 

Аноним

 




Көрілген: 1143    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 14:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28