Отбасы - ошақ қасы

Тәтті күндерді қалай қайтарсам екен...

  • Тәтті күндерді қалай қайтарсам екен...

    Тәтті күндерді қалай қайтарсам екен...

 Сəлеметсіздер ме, құрметті оқырман, қыз-келіншектер. Тұрмыска шыққаныма 3 жыл болды, жасым 24-те.  Аллаға шукір, күйеуімді ұнатып тұрмысқа шықтым, арамызда бір баламыз бар, ата-енеммен бірге тұрамыз.


Мүмкін менікі біреулер үшін айтарлықай үлкен проблема емес шығар, бірақ мен үшін маңызды. Маған жай кенестеріңіз кажет. Кейінгі кезде куйеуімнің назары жетіспей жүр. Ол үйде болса да жалғыссырап жүрген сияқтымын. Негізінде ол жұмысына  азанда кетеді, кешке келеді. Жазды күндері тунде далаға жата салады, салқын кездері басқа бөлмеде теледидар көріп жатып ұйықтап қалады.  Бұрын баламыз болмай тұрғанда үнемі мені құшақтап, сүйіп, еркелететін, түнде қасымнан ешқайда кепейтін. Ал қазір тіпі сөйлесуден қалдық.  Мен кейде оған: "3-4 баламыз болса, қайтер екенбіз" деп әзілдеп қоямын, бірақ ол мені түсінбейін секілді. 


Мен үйде жүрсем де өзіме жақсы қараймын, күтінемін, тамағы уақытылы дайын, бала қараулы, ата-енеммен де қарым-қатынасымыз жақсы. Күйеуіме не жетпей жүргенін қалай түсінсем болады, онымен ашық сөйлескенім дұрыс па?  Əпкелер, көмектесіңіздерші, өмірден туңіліп бара жатқандаймын... Бұрынғы сезімді, тәтті күндерді қалай қайтарсам екен. Басқа біреуі бар деп ойламаймын. Неге мен оны ез жалықтырып алдым? Осы нәрсе мені мазалай береді...


Аноним 




Көрілген: 1176    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.01.2019, 18:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28