Отбасы - ошақ қасы

Тегін жезөкшемін бе, кіммін өзі? (болған оқиға)

  • © fanpop

    © fanpop

Мүмкін, мені сөгесіздер, мүмкін, ақымақ дерсіздер. Бірақ, мына оқиғаны өзгелерге сабақ болсын деп айтқым келеді.


Жұмыстан шыққасын Илья есімді таныс түрік жігіт «жүр, кафеге барайық, қыздар-жігіттер күтіп отыр», деді. Таныс жігіт болғасын келісіп, кафеге келдік.


Сол жерде Русланмен танысқан едім. Жанында Раушан есімді қыз «Руслан тек менікі» дегендей жабысып отырған. Оң жағында Абылай есімді жігіт отырды. Мені соған теліген екен. Ол әйелімен ұрсысып, онысы балаларын алып кетіп қалыпты. Отырыс Абылайдың көңілін көтеру үшін ұйымдастырылған екен.


Русланның екі кішкентай қызы бар көрінеді. Әйелімен ара-қатынасы түсініксіз. Бірге тұрамыз, бірақ ажырасқанбыз дейді. Бойы ұзын, келбетті. Өзінің шағын құрылыс-монтаж ұжымы бар, Алматыдағы тұрғын үйлердің аулаларын көріктендірумен айналысады. Маған оның жалғызбастылығы ұнады. Және нар тұлғалы сымбаттылығына қызықтым. Бірақ, арақты суша сіміріп отырды. Аузынан аққан суды, тамақ қалдықтарын сүртіп Раушан қамқорлығын жасап, Русланның асты-үстіне түсіп әлек.


Руслан да маған көзін сүзіп отыр.


Менің қайда жұмыс істейтінімді, кіммен тұратынымды сұрап әлек. Жанындағы қыз «оны қайтесің», деп қызғанып қояды. Сол кеш осылайша екеуіміздің бір-бірімізге көз байланыстыруымызбен аяқталды.


Төрт күн өтті. Руслан хабарласты. Телефонымды әлгі ортақ танысымыздан алған екен. Кездесейік деді. Мен қарсы болған жоқпын. Екеуіміз кафеге бардық. Анау кезде жанында болған Раушанды жай досым, қиын кезде жанымнан табылады, мені жақсы көреді дейді. Кафеде арақты көп ішті.


Ертеңінде тағы хабарласып мекен-жайын айтты.


– Келші, көмегің қажет!


Шағын қонақ үйдің бір бөлмесінде бір өзі отыр. Үстелдің үсті толған бос шөлмек. Мені қуана қарсы алды. Тамаққа тапсырыс берді. Руслан әрине, мас. Есі бірде бар, бір де жоқ. Екеуіміз төсекке жайғастық.


Болатын іс болды әрине. Оны өзім де қаладым. Себебі, Русланды қатты ұнаттым. Бірақ екі рет көрген жігітке неге сонша босаңдық танытқанымды білмеймін.


Екінші күні мені жібергісі жоқ. Арасында әлгі Раушан деген «подругасы» хабарласып тұрды. Оған жалғызбын, жатырмын дейді. Түк түсінсем бұйырмасын.


Ендігі қызық алда екен. Бұл күні Самат атты жігіт ағасы келді. Раушанның көзінше сені Саматтың қызы деп айтайық деді. Бір кезде Раушан келді. Төртеуіміз отырмыз дастархан басында. Раушан өткенде кафедегідей Русланның асты-түстіне түсіп, тағы да оған жабысты да қалды. Қоңырау келсе, оның телефонын көтереді. Жүретін қызы екені белгілі. Сағат түнгі екі. Мен кетейін деп едім, сөмкем жоқ. Дәретханаға кеткен кезде Руслан жасырып қойыпты.


Үлкен бөлмеде екі кісілік төсек пен диван бар. Раушан мен Руслан төсекке жайғасты. Біз Самат екеуіміз диванға сырт киімімізді жабынып, киіммен қисая салдық. Бір кезде ана екеуі телефоннан эротикалық бейнежазбалар көре бастады. Дыбысы қатты естілді. Енді біршама уақыттан соң төсек жапқыштары қимылдап, өздерінің дауыстары шыға бастады. Болып жатқан жағдайдан жиіркеніп, өзімнің Русланға деген сезіміме жыным келе бастады. Бір сағат шамасында әуреленіп, екеуі әйтеуір ұйқыға кетті-ау ақыры.


Таңертең Раушан жұмысына әрең кетті. Мені Руслан тағы да жібермей қойды. Самат та кетті. Мен Раушан жайында айтып, ренжідім.


– Мен әр объекті тапсырған сайын осылай апталап ішемін. Білмеймін, неге осылай болатынын. Мен Раушанды сүймеймін. Ол мені сүйеді. Екі жыл болды, жанымнан кет десем де кетпейді. Менің мүшемді аймалайды, минет жасайтын қыз.


Бір сәтте Русланнан суық тері бұрқ ете түсті. Дене бойы қалтырап, жағдайы нашарлап кетті. Мен не істерімді білмей, әлгі екеуімізді таныстыратын Илья деген танысымызға хабарластым.


– Ол бес күн тоқтамай ішкен, жүрегі тоқтап қалады оның, дереу арақ сатып ал да, ішкіз, жедел жәрдем шақырушы болма! Мен қазір келемін, – деп айқайлады телефоннан.


Менің сөмкемнің қайда екенін айтуға шамасы жоқ, Руслан селкілдеп, жағдайы нашарлай бастады. Осылай 20 минуттай өтті. Илья келді. Русланды көрді де дереу араққа жүгірді. Екі стақан ішкен соң барып қана ол өзіне келе бастады. Ол сол екеуіміз танысқан күннен бастап ішуін тоқтатпапты. Ондайды бұрын көрмеген мен де қалшылдап, Руслан өліп кете ме деп қатты қорыққаным.


– Адам деген арақ сатып алмай ма екен?! Не қарап отырсың? Өліп кетсе, кім кінәлі болады? Жәлеп! Жәлеп болмасаң, осылай жасайсың ба? Мың теңгеңді аядың ба? Жезөкше!


Түсіндіруге мұршат бермей, осы уақытқа дейін көлгірсіп жүрген танысым дереу өзгеріп шыға келді. Көзімнен ауыр жас тамшылары түсті.


Мені ешкім бұлай қорламапты. Русланға деген сезімім құм болды. Себебі ол Илья мені қорлап жатқан кезде үндемей қарап отырды.


Қалай киініп, бөлмеден қалай атып шыққанымды білмеймін. Арақтың қоңырсық иісі мен темекінің иісіне буланып, екі күн бөлмеден шықпаппын.


Таңғы қысқы ауа керемет көрінді. Бірақ естіген ауыр сөздер жанымды тесіп барады.


Бұл жағдайдан кейін екі аптадан соң Руслан хабарласқан. Бірақ мен оған «жоқ» деп жауап бере алдым. Себебі, өткендегі оқиғаны есіме алғым келген жоқ…


Аноним автордың басынан кешкені (Кейіпкерлердің шынайы есімдері сақталған)


365info.kz


 




Көрілген: 3472    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.01.2018, 10:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30