Отбасы - ошақ қасы

Тоқал алған әкеме ерегесіп, өзім де тоқал болуға келістім

  • Тоқал алған әкеме ерегесіп, өзім де тоқал болуға келістім

    Тоқал алған әкеме ерегесіп, өзім де тоқал болуға келістім

 Мен тоқалды жек көріп жүріп, өзім тоқ болмақшы болдым. Мені  сайқал, тəрбиесіз деп айтқандар жетерлік. Ақыл айтқандар да табылды. Мен ақ құба келген бойы ұзын, шашы да ұзын, арық əдемі қызбын.


Мен кішкене кезімнен әке қамқорлығын мүлде көрмеген едім. Өйткені əкем өзінен 20 жас кіші қызды тоқал қылып алып, соның ығымен кеткен еді. Міне менде содан бері еркектерге деген жеккөрушілік сезімі пайда болды. Бірде бір жігітке сенбейтін, адам баласын өзіне жақындатпайтын қыз болып өстім.

Бой етіп, жұмысқа тұрып, жан-жағыма қарай бастадым. Ешкімді көзге ілмей жүргенімде  өзімнен 20 жас үлкен еркекке ғашық боламын деп ойламаппын. Ол маған әкемнен көрмеген қамқорлықты көрсете білді. Басында тек бастығым ретінде сөйлесетінмін. Маған күніге жаныма қуат беретін керемет сөздер жазып жіберетін. Кез келген ортада маған ерекше құрмет көрсететін. Сыйлайтын. Еркелететін. Алғашында жай мазақ етіп күлетінмін. Бірақ күніге сол сөздерді естігім келетінді шығардым. Ол солай өзіне ғашық ете білді. Əрине, бұрын тек жігіттермен ұрысып жүрген маған бұл қызық көрінді.

Бірақ ойлана келе көпшіліктің ақылын тыңдап, оның əкемнен, ал өзімнің əкемнің тоқалынан айырмашылығымыз болмай қалғанын түсіндім. Қателігімді түсініп, бір тоқтамға келіп, ол кісімен ашық сөйлестім. Мен жасырынып жүргім келмейтіндігімді жəне 1-2 күннің ішінде үйдегілерге айтатынымды жəне де той жасайтындығын ашық айттым. Ол да келісті. Сонымен батылданып сол күні үйдегілерге тұрмысқа шығатынымды айттым, бəрі қызды ұстамау керек деп отырған, ал кімге шығатынымды айтқанда үндері өшті. Көкбеттігім бар, ешкімді сөйлеттірмейтін əдетім тағы бар. Əкеме "сенің жасағаныңды неге мен жасамасқа" деп айтып салдым, анамда үн жоқ. Олар батасын бермеді. Мені көргілері келмейтіндігін айтып, үйлерінен қуып жіберді. (Тоқал болатынымды айтқаныммен бастығыма деген жоқпын. Олай десем үйдегілер оны аямайтындығы анық) бастығыма звдап бəрін айтып бердім. Ол мені жұбатты да жəне бүгін кездесе алмайтынымызды айтты.

Бірақ бір ұққаным менде әкеме деген кек сақталып қалған екен. Осыны əкем естігенді бір керемет күйде болдым, жаным рахат тапты.

Сол күні менің құрбым өзіне бір басшының əңгіме айтқандығын, кездесуге шақырғанын айтты. Əрине менің бастығым. Қаным басыма шапты, бірақ білдіртпедім. Қайда кездесетіндерін біліп сол күні сонда мен де бардым. Кафеде екеуі тамақ ішіп отыр, қатты жылағым келді. Бірақ өзімді ұстадым. Қасынан "Сəлеметсіз бе!" деп өтіп кеттім. Ал ол қызарып кеткен. Қасыма келіп неге жүргенімді жəне үйге қайтуымды талап етті. Ал мен тамақтануға келгенімді айтып, үйге қайттым. Сол күні звдап кездескісі келетінін айтты. Кездестік. Менен кешірім сұрады. Ал мен оның жолы ашық екендігін айтып шығарып салдым жəне ертесіне жұмыстан өз еркіммен шығатынымды айтып өтініш жаздым. Қол қоймады. Бірақ жұмысқа содан бері əлі бармадым. Əкем мен анам үйіме келіп маған не болып жүргендігін, неге олай шешім қабылдағанымды сұрады. Мен жай кек алғым келгендігімді айттым. Əкем менен кешірім сұрап, 7-8 жылдан кейін мына менің бетімнен сүйіп жылады. Ең соңғы рет қызым деп 6-шы сынып оқитын кезімде еркелеткен тұғын. Жүрегім қатты ауырды, қандай қиын екендігін жеткізе алмаймын. Соншалықты ақымақ болғаныма өкінемін. Көзімнен еріксіз жас ақты. Небарі "19 жастасың, үйің, көлігің бар, тоқал болам дегенің қалай, не жетпейді" деп татем ұрысты, бірақ дүние мен үшін қызық емес. Маған махаббат жетіспегендіктен қайдағы біреудің ермегі бола жаздадым. Ал бастығым өкінетінін айтып, кешірім сұраудан жалығар емес. Оны қалай ұмытамын, қалай? Шамам келе ме? Жұмысты жалғастырғаным дұрыс па,и әлде кетіп қалсам ба екен? Басым қатты.


Аноним




Көрілген: 4598    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.03.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31