Отбасы - ошақ қасы

Тоқал болып шалқып жүргісі келеді

  • Тоқал болып шалқып жүргісі келеді

    Тоқал болып шалқып жүргісі келеді

Бүгінде тоқал тақырыбын қозғап жүргендер аз емес. Ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жиі айтылады. Мысалы, Мұхит Сапарбаев (NUR.KZ ұсынатын «Ойбай lіfe» бағдарламасының жүргізушісі) Салтанат Қайранова есімді қыздан сұхбат алыпты. Әңгіме барысында әлгі қыз өзінің тоқал болғысы ке­летінін айтады. «Тоқал болғым ке­леді. Дубайға, Парижге, Лондонға барғым келеді. Мен соған лайықтымын», – деп сызылып отыр.


Осыған дейін ол әкімнің ғана тоқалы болғысы келетінін айтқан екен. Енді сол ойынан айнып: «Мен шешім қабылдадым. Маған енді әкім емес, бизнесмен немесе депутат керек. Өзімді депутатқа тоқал болуға ла­йықтымын деп ойлаймын» деп қа­лыпты.


«Мен тоқалы болған адам мені жақсы көрсе, еркелетсе, бар қала­уымды орындаса, айтқанымды сатып алып берсе, маған үй әперсе, жалпы, мен үшін бәріне дайын болса деймін. Ал мен теледидардан көрініп, боянып, қызыл-жасыл көйлек киіп, жарқырап-жайнап жүре берсем.


Осыған дейін аспаздың көмекшісі болдым. Бірақ қазір жұмыс іс­те­меймін. Бір айлыққа қарап отырып үй де, қымбат киім де ала алмайтынымды түсіндім. Ер адамдар тоқал алуға міндетті деп ойлаймын. Себебі қыздар далада қалмауы керек. Пайғамбарымыз да бірнеше әйел алған ғой», – деп есіп отыр.


Мұны жеңіл ойлылық деп бағалар едім. Мақсатым бұл қызды сынап-мінеу емес. 17 жасында тұл жетім қалған қыз өмірде өзінің жолын таба алмай, өкпелі болған соң солай айтып жүрген болар бәлкім. Оны ақтау да, жақтау да менің міндетіме кірмейді. Дәл осылай ойлайтын қыз жалғыз Салтанат емес болар. Дегенмен осындай дү­ниелерді жаһанға жар салып, жарнамалау қаншалықты қажет? Оның ойын елге жария еткенде не ұтамыз? Онсыз да желіде жалаңаш денесін жалтыратқандарды тыя алмай әлек болып жатқанда оң-солын енді ғана танып келе жатқан жас қыздарға мұндай әңгімелер кері әсе­рін бермей ме? Әлдекімнің осылай өмір сүрген жеңілдеу екен деп әп-сәтте ойын өзгертіп шыға келмесіне кім кепіл?


Жеңіл ойлы дүниелермен жастар­дың санасы уланбаса екен. Себебі болашақтың кілтін солардың қолына ұстатып отырған жоқпыз ба?


 М. ӘМІР


www.zamana.kz




Көрілген: 762    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 15:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28