Отбасы - ошақ қасы

Тоқал етіп алса екен деймін...

  • © delendik.com

    © delendik.com

Осыған дейін басымдағы бұл жайтты вк әлеуемттік желісіне жазған едім. Енді «Алаш айнасының» осы айдарында бөлісуді ұйғардым. Өмірде кейбір нәрселерді уақыттың сұранысына қарай өзгертуге болады деп санаймын. Мәселен қазір қоғамымызда жасы 27-28 ден асқан қыздар өте көп. Тұрмыс құрғысы келмейді емес, келеді тек шаңырақ көтерейік деп сенімді түрде айта алатындары жоқ. Менің де жасым биыл 31-ге келді. Тұрмысқа шыққым келеді.


Әйтсе де тұрмысқа шыға қоярлықтай жігіт жоқ. Жасың 27-ден асқан соң тұрмысқа шықшы деп біреудің ұсыныс айта қоймайтынына көзің де жете бастайды екен. Бухгалтермін. Тұрақты екі жұмыс орным бар. Қосымша кейбір ұсақ компаниялардың есеп-қисабын жүргізіп беріп ақша да табамын. Бір бөлмелі жатаханам бар. Материалдық тұрғыда тәуелсізбін деп айта аламын. Бірақ сол отыздан ассам да жалғыз жүргенім жаныма батады.


Былтырдан бері жұмыста жасы 46-дағы бірге жұмыс істейтін қызметтес, отбасылы жігітпен араласып тұрамын. Алғашында жай қызығушылықпен тиіскенмен, сол жасыма дейін қыз болып жүргеніме сүйсінді ау деймін, арамыз содан бері үзілген емес. Ол туралы өзіме де айтқан. Бірақ бір шаңырақ астына тұратындай әңгіме айтпайды.


Шыны керек, біреудің шаңырағын бұзғызып, өзіме қосатын ойым жоқ. Бірақ араласатын құрбыларымның отбасын көріп, жақын жуықты көріп соңғы кездері екінші әйел болсаң да отбасын болудың қажет екенін, әйел адам үшін маңыздылығын сезініп жүрмін. Өзім «мені тоқал қылып ал» деп айтуға намыстанамын. Бірақ шыны керек, бүгінгі істеп жүргенім тоқалдың қызметі екенін білемін. Алдынан тәттілеп тамағын дайындап қоямын, арасында киім сатып әперемін.


Балалы болғым келеді. Бала өзім үшін туғым келеді. Оны айтып түсіндірдім де, «ешқандай ақша талап етпеймін, өзім бағып қағамын» деп алдын ала айттым. Жасырып керегі не, өзі де гүлін алып келіп тұрады, ара тұра сыйлық та жасайды. Алайда тоқал ретінде қабылдағысы жоқ.


Осындайда ойлаймын, тоқал алуға неге рұқсат етпеске, ең болмаса балама әкесінің тегін алып бере алар едім, өзім туыстарымның алдында жолдасым деп те таныстыра алар едім. Тоқал алуға рұқсат беру талай жанбай қалған шырақтың жануына себеп болар еді. Шаңырақтардың себепсіз бұзылуының алдын алар еді. Сондықтан тоқал алуға рұқсат берсек, қоғамдағы бір мәселенің шешілгені болар еді.


Лаура, Қаскелең қаласы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 4459    Пікірлер: 0

жұма, 03.08.2018, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31