Отбасы - ошақ қасы

Төсектес болғысы келген алғашқы махаббатымнан бас тарттым

  • Төсектес болғысы келген алғашқы махаббатымнан бас тарттым

    Төсектес болғысы келген алғашқы махаббатымнан бас тарттым

Әрбір адамның жүрек түкпірiнде болатын ерекше сезім. Бұл сөздің мағынасын сiрә әркім әр қалай түсінеді. Мен үшін алғашқы махаббат ең алғаш сүйем деп айтып ең алғаш сенi шынайы бақытқа бөлей алған адам. Дәл қазір әскерде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сол алғашқы махаббатым есiме түсіп отыр. Бұл сезім әркімде әр қалай, әр жаста басталады ғой. Менің алғашқы махаббатым мектеп қабырғасында 10 сынып кезінде басталды. Ауылда туылдым, оқыдым. Ол кезде біздің ауылға телефоннын жаңа келген кезі едi. Сол телефон арқылы таныстығымыз басталды. Ойымда ештеңе жок сөйлестім. Кейін сөзіміз жарасып жиi хабарласып тұрдық. 


Ол көрші ауылдың баласы едi. Құрдаспыз. Уақыт өте келе кездеспесек те бiр-бiрiмiзге бауыр бастық. Кейін білдім ол біздің ауылға концерт қойғанда келген екен ғой ән айтып. Солай бiз кездеспесек те қыз-жiгiт ретінде сөйлестік. Кейін уақыт өте баламыз ғой ол кезде сөзге келісіп қалып хабар алыспай кеттік. Ол өзі қалаған едi сөйлеспегенiмiздi. Шамалы уақыт өткен соң қайтадан хабарласты. Мен ол кезде оған ренжулi едiм сол себепті сөйлеспедiм. Осылай 10 сыныпты да аяқтап 11 ге көштік. Ауданға тестке баратынбыз. Сол кезде оны алғаш рет жақыннан көрдім. Көздері қап- қара мөлдіреп тұр. Сол көздерге қайтадан ғашық болдым. Себебі жүрек түкпірiнде оны әлi ұмытпаған едiм. Ол да... Осылай бiз қайтадан сөйлесiп кеттік. Сол бiр тәтті сезімдер, сүйем деген жылы сөздер қайтадан айтыла бастады. Әр ай сайын тестке баруга асығатынмын оны көру үшін. Кейін маған ұнамсыз сөздер айта бастады.Түбi үйленемiз ғой бірге болайық деп. Бұл сөздері мен үшін ауыр болды. Осы сөз үшін көп ұрысатын болдық. Ақыры айрылысып тындык. Мен солай болғанын қаладым. Айырылысқан соң маған өте қиын болды. Бiраз уақыт ұмыта алмай жүрдім. Бірақ өзімнiн дұрыс шешім қабылданғанымды білетін едiм. 

Оқуды бiтiрiп студент атандым. Жаңа орта, жаңа таныстар. 3 курсқа дейін одан хабар болмады. Басқа ер балалармен сөйлескенмен түбінде оны ойлайтынмын аманба , қайда жүр екен деп. 2 курсты бітіргенде кластасымыз үйленіп біздің құрдастарымыздың алғашқы тойы өтті. Сол тойға ол да келді. Қатар отырып қалдық. Оны көргенде жүрегім дiр ете қалды. Амандастык та қойдық. Сөйлеспедiк. Бірақ той бойы ойым сонда болды. Билеп жүрген кездері менен көз алмай тұрғанын байқаған едiм. Осылай бұл той да өттi. Кейін ауылға келді. Класс болып кешке көшеге шығатынбыз. Үйге қайтар кезде менi шығарып салды. Сол күнi мен онымен алғаш рет бетпе- бет ұзақ сөйлестім. Солай ол ауылына кетті. Қайтадан телефон соқты жақсы көретінін, ұмыта алмағанын айтты. Сол кезде қанша уақыт бойы iшiмде сақталған бар ренішімдi айттым. Неге осынша уақыт жоқ болғанын сұрадым. Бұрынғы айтқан менi ренжіткен сөздерін алi ұмытпағанымды да айттым. Ол менен кешірім сұрады, сол сөздері үшін өкiнетiндiгiн , осы айтқан сөздері үшін маған қайта хабарласуға ұйалғанын айтты. Iштей жақсы көргенiммен ол ауылда болды. Екеуміз екi жақта. Ауылда сеть ұстамайды. Байланысымыз осылай тағы да үзілді. 3 курстың аяғында оның әскерге кеткенiн бiлдiм. Казiр 4 курста оқып жатырмын. Сөйлесiп жүрген жiгiтiм бар. Өліп өшіп сүйемiн демеймін. Ұнатамын, жақсы бала. Бірақ жүрегімнiн түбінде сол бiр көзі әдемі кара бала қалып қойды. Мүмкін күлкілі шығар көрмей жатып жүріп қалай ғашық болып қалады деп. Мен оны көрмесем де ең алғаш мінезіне ғашық болдым. Көп кездеспесек те , ғашықтар құсап қол ұстасып жүрмесек те сол бiр кіршіксіз таза сезімім әлi ұмытылмады. Себебі ең алғаш сүйем деп айтқан сол бiр жан болатын. Дал қазір ол жәй ғана күліп еске алатын бiр естелік...

Ал сiздiн алғашқы махаббатыныз есіңiзде ме?



Көрілген: 5593    Пікірлер: 1

дүйсенбі, 26.02.2018, 08:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30