Отбасы - ошақ қасы

Тойына көп ақша әкеле алмайтын достарына ренжіген ару талқыға түсті

  • Тойына көп ақша әкеле алмайтын достарына ренжіген ару талқыға түсті

    Тойына көп ақша әкеле алмайтын достарына ренжіген ару талқыға түсті

Тойына 3 мың доллар алып келуге қиналған достарына ашуланған қалыңдық Facebook желісінде оларға ренішін жеткізді. Бойжеткен өзінің ерекше күнін Таиландта атап өткісі келген деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


"Достарымыз бен туыстарымызды Таиландта өтетін үйлену тойымызға шақырып едік, 150 адамның ішінен тоғызы ғана жауап берді. Түсінемін, 3 мың доллар олардың қалтасына ауырлық салуы мүмкін, бірақ мен сіздер үшін төлей алар едім", - деп жазған қалыңдық.


Салтанатты рәсім жоспар бойынша Таиландта өтуі тиіс болған. Алайда қонақтар ондай ақша төлеуге келіспегендіктен, тойды АҚШ-қа жақындау Гавайи аралында өткізуді ұйғарыпты.


"Біз қонақтарды ойлап, тойды жақындау жерге ұйымдастырдық. Бірақ нәтижесінде тағы да екі адам келе алмайтынын айтты. Сонда біздің қуанышымызды бөлісу үшін небәрі 2 мың долларды үнемдей алмайсыздар ма?", - деп ашуланған бойжеткен.

Осылайша достарына әбден ренжіген ару жазба соңында қуанышты күнін ешкіммен бөліспей-ақ, күйеуімен бірге қашып кететінін жеткізген.


"Біздің шақыруымызға жауап беруге үш күндеріңіз бар. Болмаса сіздерді достар тізімінен өшіріп, жолдарымыз екіге айырылады. Тек арзан достар кетеді. Ант етейін, менің достарым ең мықты деп ойлайтын едім", - деп сөзін қорытындылаған ол.

Жазбаны көрген желі қолданушылары күйеу жігітке мұндай қалыңдықтан қашу керек деген кеңес берді.




Көрілген: 930    Пікірлер: 0

жұма, 04.01.2019, 20:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31