Отбасы - ошақ қасы

Туған анам өтірікші, қазіргі анам шыншыл екен...

  • Көрнекі сурет. © dw.com

    Көрнекі сурет. © dw.com

Сегіз жасар баланың анасы қайтыс болады. Әкесі жыл уағы өтер-өтпестен, қайта үйленді. Бір күні әкесі қызынан: «Балам, сенің бұрынғы анаң мен қазіргі анаңның қандай айырмашылығы бар екен?» деп сұрайды.


Қыз: «Бұрынғы анам өтірікші, қазіргі анам шыншыл екен» деп жауап береді.


Әкесі қайран қалып: «Қалайша?» деп сұрайды.


Сонда қыз:


- Бұрын мен анамды ренжітсем, анам маған: «Сен мені өкпелете берсең, саған тамақ бермеймін!» дейтін. Мен сонда да оны ренжіте беретінмін. Ал, ол болса, мені ауылды шарлап іздеп жүріп, тауып әкеліп, тамақ жегізетін. Ал, қазіргі анамды ренжітсем: «Егер мені ренжітсең, тамақ бермеймін» дейді. Сөзінде тұрды. Екі күн бойы аш отырмын. Бұрынғы анам: «Енді жылама, жыласаң, далаға шығарып жіберемін» дейтін, бірақ сонда да жылай беретінмін, ал ол болса мені ұрмай-соқпай бауырына басып: «Балам, жылама, қай жерің ауырады, кім тиісті?» деп уатып алатын. Қазіргі анам «жылама, жыласаң ұрам» дейді. Айтқанында тұрады, ұрады. Бұрынғы анам үнемі өз ыдысындағы етті маған беретін де: «Сіз неге жемейсіз?» дегенімде, ол кісі: «Балам, мен етті жақсы көрмеймін» дейтін. Қазіргі анама: «Менің ыдысымда неге ет жоқ?» десем, «Көп сөйлемей, тамағыңды іш, барлық адам етті жақсы көреді, еттің бәрін сен жесең, біз не жейміз?» дейді, – деп жауап қатады.


- Әке, әсілі бұрынғы анам бәрін өтірік айтқан екен, ол да етті жақсы көретін сияқты ғой, иә?... Әке, неге жылап отырсыз?...


(Тақырыбы өзгертілген. «Өгей ана»)

obhodvk.ru 




Көрілген: 2501    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.11.2017, 10:43

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30