Отбасы - ошақ қасы

Тұңғыш баламды еміреніп иіскей де алмадым

  • © Твой стыль

    © Твой стыль

Қилы тағдырлар мен неше түрлі оқиғаларды оқып, менде басымнан өткенімді жазып отырмын. Алла тағалам əр пендесіне неше түрлі сынақ береді екен.Менін басымнанда жаста болсам үлкен бір сынақ өтті.


Мен тұрмысқа өте ерте шықтым. Көрші ауылдың бір жігітімен сөйлесіп, кездесіп жүрдім. Оқуымды жақсы оқитынмын, армандарым көп еді. 11 сынып бітірген соң жігітім «қалаға барсаң мені ұмытасың» деп алып қашып кетті. Сүйген соң қалдым.


Менің жолдасым нағашы əжесінің қолында өскен. Əжесі қайтыс болған соң ең кіші нағашы ағасы мен жеңгесінің қолында тұрған. Ағасы мен жеңгесінің отау құрғандарына 9 жыл болса да сәбилі бола алмай жүр екен. Кештеу үйленгеннен кейін бе, жеңгесі құрсақ көтере алмапты. Бізді сол кісілер үйлендірген болатын. Мен келін боп түскелі асты-үстіме түсіп жүрді. Сөйтсем, олардың бар ойы біздің тұңғыш баламызды бауырларына басып алмақшы екен. Оны мен білмеймін, аман-есен босанған соң, перзентханадан шықпай жатып, есімнен тана жаздадым. Көзімнен жас тыйылмай әбден жыладым. Жас болсам да, ешкім өзінің туған баласын қимайлы ғой.


Бірақ ойлана келе, бір үйде тұрамыз, атасы мен апасының баласы деп жүре берермін деп ойладым. Алайда мен ойлағандай болмады. Перзентханадан шығып келісімен-ақ баланы маған бермей, ұстатпай қор қылды. Бала шырқырап жылап жатса да емізуге зорға беретін. Баланың жылағанын естігенде қандай ана шыдайды дейсіз. Емізуге əзер дегенде алғанымда жеңгей қасыма отырып алып, "иіскеме, бетіне қарама, құшақтама" деп отыратын. Балаңды құшақтап, иіскеп мейірленбесең, қасында біреу қақиып отырса қайдан сүт шықсын. Балам шырылдап жылайтын еді. Əке шешем де өте момын кісілер, ештеңе демеді.


Сол кездерді ойласам тозақта жүргендей болған екем. 5 ай толар-толмас мені жолдасыммен тауға жіберді. Сол кездері олар малшы болатын. Содан балама жете алмай, сағынып, жылап талай таңды ұйықтамай атырған кездерім болған. Кейін əрине қызды, ұлды болдым. Бірақ, өзегіңді жарып шыққан тұңғыштың аты тұңғыш екен, орны бөлек. "Сенің балаларыңмен ойнап қойды, сен сөйлеп қойдың" деп ұрыс шығарып, 7 жыл болғанда бөлек шықтық.


Есіме түссе сағынатынмын. Қаншама көз жасым төгілді десеңізші.Ондайды дұшпаныма да тілемес едім. Кейде "Алла бермеген баланы мен беріп күнəға баттым" деп ойлайтынмын. Олай емес екен. Содан уақыт өте келе,тағы құрсақ көтердім. Аман-есен дүниеге ұл əкелдім. Ең ғажабы, тура тұңғыш баламнан бір мүшел кіші, тура соның туған күнінде дүниеге келді, түрі де содан айнымайтын. Алла тағалам бала берді. Аллаға мыңдаған шүкір..


Айтайын дегенім, Алла тағаланын құдіреті мен мейірімі шексіз екен. Менің көз жасымды,қаншама қиналғанымды көріп,маған мейірімі түсіп,тура сондай бала бергеніне қуанамын. Əр нəрсенің өз уақыты бар екен. Пенде асыққанмен,Алла асықпайды. Аллаға шүкір кіші балам 5-ке келіп қалды.Тұңғышым 17 жаста. Кенже баламның түріне, қылығына қараймын да тұңғышымды көргендей болам. Əрине, əр бала өз бетінше жеке тұлға. Ал жеңгеміз сол күйі құрсақ көтермеді. Алланың құдіреті шексіз, жақсыдан үміттеріңізді үзбеңіздер! Əр қиындықтың артынан міндетті түрде бір жақсылық болады екен.


Авторы белгісіз (ВК әлеуметтік желісінен алынды)


 


alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1449    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.08.2018, 10:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31