Отбасы - ошақ қасы

Түрмеге отырып шыққан жігітпен бақытты бола алам ба?

  • Түрмеге отырып шыққан жігітпен бақытты бола алам ба?

    Түрмеге отырып шыққан жігітпен бақытты бола алам ба?

 Армысыздар, құрметті қыз-келіншектер, әпкелер! Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз керек боп тұр. Жасым 22-де. Бір жігітпен сөйлесіп жүр едім, 2 жылдай танитынбыз бір-бірімізді, сөзін енді қабылдаған болатынмын. Намаз оқиды, барлық жағынан ұнайды, жақсы көремін, ол да мені жақсы көреді. Бірақ, бір кемшілігі болды, соған қарамастан қабылдадым. Ол түрмеге отырып шыққан екен.


Жақсы қасиеттері өте көп, бірақ шектен тыс қызғаншақ. Біз екеуміз артық іске бармадық, арым таза, бірақ сонда да ол мені көп қызғанады, сенбейді, сол мінезінен шаршап кеттім. Қазіргі уақытта жұмыссыз жүр, мамасы қайтыс болған, папасы тастап кеткен, қиыншылықтарын білгеннен ба, мен оны тастап кетсем қиналып қалатын сияқты көрінеді. Мен тыныш, тату, үлгілі отбасын құрғым келеді, бірақ оған күйеуге шықсам бағалай алмайтын сияқты көрінеді. Ол маған кейде ауыр сөздер айтып қояды,қазірдің өзінде мен оны қиындық көрген жігіт қой деп аяймын, артық ештеңе демейін деп үндемеймін. Жішітім  соны түсінбейді кейде, үндемеген сайын артық сөзі көп. Қалай ойлайсыздар, сол адамға үйленсем дұрыс отбасы болып кете алам ба, әлде басқа жар таңдағаным дұрыс па?


Аноним 




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 09:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31