Отбасы - ошақ қасы

Тұрмысқа шыққан соң «өзін өзі қанағаттандыру» зиян ба?

  • Тұрмысқа шыққан соң «өзін өзі қанағаттандыру» зиян ба?

    Тұрмысқа шыққан соң «өзін өзі қанағаттандыру» зиян ба?

Мен жасөспірім шағымнан бастап өз өзімді қанағаттандыратынмын. Білмеймін төсекті көрмесем де, менің өз өзімді қанағаттандыруға деген құштарлығым ерте жастан басталды. Тіпті осы әдетімді қоя алмағандықтан өзімді қыз емес деп ойлаған кездерім де болды. Қазір тұрмысқа шыққаныма екі жылдан асты. Әлі кішкентайлы бола қойған жоқпыз. Жолдасыма айтар шағымым да жоқ. Бірақ түнде қосылсақ та, күндіз үйде ешкім жоқта бәрібір өз өзімді қанағаттандыруды қоя алмай келемін. Тіпті балалы бола алмауымызға сол себеп емес пе деп те қорқамын. Осы орайда сұрайын дегенім мастурбацияның денсаулыққа зияны бар ма?

Лиза, Алматы қаласы


Мастурбация немесе адамның өз-өзіне ләззат сыйлауына байланысты біртұтас көзқарас жоқ. Біреулері оны жақтайды, басқалары оған қарсы. Сіз қай көзқарасты ұстансаңыз да, маструбация жайлы нақты ақпарат біле жүрген артық емес.

Мастурбациямен еркектер де, әйелдер де айналысады. Еркектерге қарағанда әйелдер қауымы үшін мастурбация өз-өзін қанағаттандыруға бағытталған іс қана емес. Әйелдер өз-өзіне тек қолмен ғана емес, өзге де нәрселермен ләззат сыйлай алады. Ғалымдардың айтуынша мастурбацияның адам ағзасына зиянынан гөрі пайдалы жағы көп.

Әйелдер мастурбациямен айналысқанда өз-өзін қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен қатар өз денесін тереңірек тану мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар бұл процесс әйелге ер адаммен жақындасуға және әдеттегі жыныстық қатынасқа түскенде өзін еркін ұстауға көмектеседі.

Мастурбация адамға өз денесін дұрыс танып, сексуалдық талаптарын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар интимдік сәттерге дайындайды. Яғни, жыныстық қатынас кезінде ләззат алуға мүмкіндік беретін қосымша стимул. Мастурбациямен айналысатын әйелдер өздерін қандай әдістер қоздыратынын жақсы біледі.

Өз-өзін қанағаттандырудан басқа, мастурбацияның келесі ағзаға пайдалы қасиеттері бар:

• бел омыртқасында пайда болатын ауру синдромдарын азайтады

• етеккірдің алдында болатын депрессия, жүйке қозуы, көңіл-күйдің күрт өзгеруі сияқты симптомдарды азайтады

• жұмыстан кейін бойын еркін ұстауға көмектеседі

• етеккір кезіндегі тарылу симптомдарын азайтады

• етеккір кезіндегі ауру синдромдарын азайтады

Осылайша, маструбация әйел адамдардың тек физиологилық емес, сонымен қатар эмоционалдық халін жақсартады. Ал зиянды жақтарына келетін болсақ, оның зиянды жақтары да жетерлік.

Зиянды әдет болған соң мастурбацияның зиянды жақтары да бар. Көп жағдайда бұл мастурбация жасауға арналған құрылғылардың гигиенасы сақталмағандықтан пайда болатын аурулар. Сол себептен, бөтен біреудің құрылғыларын алуға, не болмаса оларды тазаламай қолдануға қатаң тыйым салынады. Және бір айта кетер жайт, көбіне тұрмыстағы келіншектер мастурбациямен айналысқанда уақыт өте келе өзінің жарын керек етпей қоюы мүмкін. Ұзақ уақыт мастурбациямен айналысқанда осындай әдет қалыптасатынын тәжірибе көрсеткен. Сондықтан сіздің жағдайыңызда бұл зиянды әдеттен тезірек арылу қажет деп ойлаймыз.


 




Көрілген: 1846    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.12.2018, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31