Отбасы - ошақ қасы

Тұрмысқа шықпай жатып жесір атанған бойжеткеннің тағдыры

  • © HTTP://99PX.RU

    © HTTP://99PX.RU

23 жастағы Қостанай тұрғыны Алма  порталына тойға бір апта қалғанда күйеуінен айырылғанын айтып, жанайқайын жеткізді.


«Болат 27 жаста еді. Өмірінде ішімдік пен темекіге жоламаған. Біз әлеуметтік желі арқылы танысып, кейін кездейсоқ кофеханада кездесіп қалдық. Ол менің үлкен тәбетпен пицца жеп отырғаныма ғашық болып қалыпты", - деп бақытты сәттерін есіне алды ару.


Алма көзіне жас алып, өмірінде болған қиындықтарды тізбектеді.


"9 қыркүйек күні бізде той болу керек еді. Мейрамхана жалға алынып, шақыртулар да таратылды. Ал біз бақытты едік. Ата-аналарымыз да өз батасын берген. Біз екі жылдан артық кездесіп жүрдік. Бір-бірімізді ессіз сүйетінбіз. Менің аяғым ауырлап қалып, некемізді қиюға бел будық. Жүкті болмай тұрғанда тойды келесі жылдың жазына жоспарлаған едік. Алайда Жаратушының өз жоспары болды", - дейді ол.


Бойжеткен бұл бақыт ұзаққа созылмағанын айтуда.


"Тамыздың аяғында әпкеммен Алматыға той көйлегін алуға тарттық. Мен ұнатқан көйлегімді алып, қуанышым қойныма сыймай үйіме жолға шықтым. Болат сол түні қаза болыпты. Жолда келе жатқан маған бұл қаралы хабарды ешкім айтпады. Қасымдағы әпкем жол бойы үнсіз келгеніне мән бермеп едім", - дейді Алма.


Алманың айтуынша, жақындары оған жолда баласын түсіріп алады деген қорқынышпен ештеңе айтпаған.


"Пойыздан шыға салысымен мені достарым күтіп тұрды. Олардың бәрі мені күтіп алуға келгеніне аң-таң болдым. Үнсіз үйге апара жатқанда, бір жамандықты сезіп, шындықты айтуларын сұрадым. Алайда олар үнсіз отыра берді.


Үйге жеткенімде, бірінші естігенім елдің еңіреп жылап жатқаны еді. Сол сәтте жүрегім сыздап, бірден Болаттың әкесі қайтыс болған шығар деп ойладым. Ол сол кездері ауырып жүрген еді. Маған мамам жақындады да көзіне жас алып, құшақтауға кірісті. Оның айтқан сөздері әлі есімнен шығар емес: "Қызым, Болат өмірден озды". Бұл мен анық ести алған жалғыз сөздер еді", - дейді Алма.


Бойжеткен алғашқы 15 минутта бұл хабарға сене алмағанын жасырмайды.


"Мама, неге өтірік айтасыз, ол қайда" деп Болатты айқайлап шақыра бастадым. Залға кірсем танымайтын адамдар жиналып алған. Бәрі мені құшақтап көңіл айтып жатыр. Оларды итеріп жібергім келіп тұрды. Болатымды тезірек тапқым келді. Ал оның денесі мәйітханада екен. Кейін маған оның асқазанымен қиындықтары болғанын айтты. Оған ота жасатыпты. Алайда отаны көтере алмаған Болат тіл тартпай кеткен", - дейді ару.


Психологиялық жарақаттан Алма баласын жүктіліктің сегізінші аптасында түсіріп алады.


"Болатты жоғалтқанымды түсінгенімде, өзімді күтініп, құрсақтағы балама қамқор болуым керектігін білдім. Алайда жүрегімдегі қайғыны басатын амал табылмады. Тек құрсағымда сүйіктімнің бір бөлшегі тіршілік етіп жатқаны маған жұбату болатын еді. Бірақ ішім қатты ауырып, оны да жоғалттым. Мені емханаға апарғанымен, балам сол арада аман қалмады", - дейді бойжеткен.


Алма сол сәтте анасының айтқан сөздері жанына екі есе батқанын жасырмайды.


"Бір күні анам маған "бәлкім бұл дұрыс та шығар? Өзіңе жаңа күйеу тауып, қайтадан бала көтере аласың. Жалғызбасты аналарға оңай емес" деді. Сол сәтте анама тап бергім келіп тұрды", - дейді ару.


Бойжеткен жас қыздарға өз кеңесін берді.


"Қыздар, сүйікті адамдарыңмен өткізген әр сәтті бағалауларыңды сұраймын. Қанша дегенмен әр адам болашақта не күтіп тұрғанын біле бермейді. Бәрін бірдей бақытты да баянды өмір күтіп тұрған жоқ. Мен ештеңеге өкінбеймін. Бақытты болдым. Болатпен ұзақ болмаса да, бақытты едім", - дейді ол. 




Көрілген: 1208    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 14.11.2017, 10:46

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қыркүйек, 09:26
Қыз күнінде бәрі жақсы...
15 Қыркүйек, 10:29
Енем мені менсінбейді
7 Қыркүйек, 10:48
Мұғаліміме ғашықпын...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30