Отбасы - ошақ қасы

Тұрмысқа шықсам, ешқашан ажыраспас едім

  • Тұрмысқа шықсам, ешқашан ажыраспас едім

    Тұрмысқа шықсам, ешқашан ажыраспас едім

Биыл жоғарғы оқу орнының соңғы жылын оқып бітіргелі жатырмын, анам мен әкем ажырасқан, әкемнің қазір өз отбасыбар. Егер тұрмысқа шықсам ешқашан ажыраспайтын шығармын, себебі оның тауқыметі ауыр, қаншалықты қиын екенін жақсы білемін. Анам өз жалақысын ағам екеумізге қалай болса да жеткізуім керек деп бар ғұмыры уайыммен өтті. 


Анамды қатты аяймын, әрі қатты жақсы көремін, "мен жемесем де сендер жеңдер, мен кимесем де сендер киіңдер" деп өмір сүруде. Мен 18-ге толмай тұрып, әкем жылына бір рет 30-40 мың беретін еді, киім алыңдар деп, қазір ол да жоқ. Алимент есебінде беретін. Ал анам, сол 30-40 мыңды ағам екеумізге ай сайын жаратады, ағам екеуміздің оқуымыздың ақшасы, жол кіреміз, тамағымыз, қалада тұрып сабаққа бару үшін жататын орынға берілетін ақша, шығын көп. Университет жартылай жетімдерге ғана жеңілдік береді, ал біздің әкеміз тірі болғандықтан біз ешқандай да жеңілдікке ілінбейміз. Ағам сырттай оқуға ауыстырып, жұмыс істеп жүр. Тұрақты жұмыс болмағандықтан бірде бар, бірде жоқ. Мен де демалыс болса қай жерде жұмыс табыла кетсе, сонда істейтінмін. Жұмыстан қайтқан соң еріксіз көзімнен жас тамып, еңірегенше жылай берем. Біздің Оңтүстікте диплом алу үшін кемінде 60-70 мың беру керек, бұл оқу ақысынан бөлек ақша. Ағам да биыл диплом алады. Қырқына шыдадық, қырық біріне келгенде құламасақ екен деп бір-бірімізді сүйреп келе жатырмыз. Әкемізден сұрасақ менің өз отбасым бар, ақшам жоқ дейді. Анам Әкемнің бұрынғы бізге берілмей қап кеткен алименттік ақшаларын заң бойынша есептетіп көріп еді, 600 мыңға жуық екен. Анам әкеме хабарласып, көмектеспесең арыз жазамын деп қорқытып еді, әкем сотқа шағымданып, адвокат жалдап өзіңді сотқа беремін деп бәрі ушығып кетті. Анама жеңіл болу үшін тұрмысқа шығып кетсем де болар еді, бірақ ертең жарты жыл ғана қалса да, "қызыңды оқыттық, диплом әпердік" дегенін де, "келініміздің тұрмысы нашар екен, үйінде анау жоқ, мынау жоқ" дегенін де қаламаймын. Барлығына шыдап, сабырмен күтудемін. Ішімдегі күйігімді ешкіммен бөлісе алмайтындықтан осында жаздым. Барлық ана, барлық бала бақытты болуға лайықты, ешкімді жылатпасаңыздар екен...


Айна


Алматы қаласы




Көрілген: 1771    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 29.11.2017, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан 2017
    Кек қуған әйел (оқиға)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31