Отбасы - ошақ қасы

Туысына тұрмысқа шыққан қыздың оқиғасы

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Осыдан біраз уақыт «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарына жарияланған «Жігітім ағам болып шықты» деген оқиғаны оқып едім. Кейіпкердің басындағы жағдайды оқыған соң осыдан 18 жыл бұрын өзімнің ауылымда болған осыған ұқсас оқиға есіме түсіп кетті. Бірнеше күн бойы ойымнан кетпей жүрген оқиғаны оқырманмен бөлісуді жөн көрдім.


Мен ауыл мектебінде 30 жыл ұстаз болып істеймін. Осыдан 18 жыл бұрын мен 11-сыныпқа жетекшілік еттім. Сыныбымдағы Ақерке деген оқушым мектеп бітірген соң, өзінен 3 жас үлкен армиядан келген жігітіне тұрмысқа шықпақшы болды. Бақтияр мен Ақерке бір рудың балалары болып шықты. Одан қалса, екеуі өзара қыз алыспайтын елден болған соң, олардың ата-анасы үйлендіруге қарсы болды. Бірақ, соған қарамастан, екеуі үйленетін болды. Ақеркенің ата-анасы қыздарын қалаға жібермекші болған еді, жастар жақындасып, қыздың аяғы ауырлап қалды. Сөйтіп, екеуі үйленді. Бүкіл ауылға масқара, шу болған тойдан кейін екеуі қалаға кетті. Ата-аналары балаларына барып тұратын, бірақ ол екеуі туралы ауылда еш хабар болмайды. Шамамен 3,5-4 жылдан кейін екеуі ауылға келіп, ресми түрде ажырасты. Себебі, екеуінің отбасылық өмірі бақытсыз болған. Тұңғыштары дүниеге келген күннің ертесі-ақ шетінеп кеткен. Айтуларынша, баланың ішкі органдары дамымай туылған. Кейін көтерген бөпесі аман-есен дүниеге келгенмен, оның құлағы естімейді екен. Балаға 4 ай толғанда құлағына шипасын берсін деп дәрі еккен сол кері әсер беріп, бала өлген. Одан кейін 2-3 рет көтерсе керек, балалары түсіп қала беретін. Сөйтіп, Ақеркенің денсаулығы нашарлап, дәрігерлер ота жасап, әйтеуір, жатырын алып қалған. Ем-домын жасасын деп тәуіп-балгерлерге барса, олар бір атаның балалары екенін айтып, екеуі екі жаққа кету керектігін айтқан. Ақеркенін айтуы бойынша, олар бір-бірін құлай сүйгенмен, балаға зар болып, осыдан үйлерінен ұрыс кетпеген. Берекелі отбасы болмайтындарын түсініп, екеуі ажырасты. Ақерке оқуға түсемін деп Алматыға кетті, ал Бақтияр ауылда қалып, екі жылдан кейін баласы бар көрші ауылдағы келіншекке үйленді. Ақерке оқуын сырттай оқып, ол да тұрмыс құрды. Бүгінде екеуі өз теңдерін тауып, балалы-шағалы болып, бақытты өмір сүріп жатыр.


Айтайын дегенім, ата жолын сақтамай, жеті атаға толмай тұрмыс құру дұрыс емес. Ол жақсылыққа апармайды. "Жігітім ағам болып шықты" деген оқиғаның авторына айтарым, ақылға сал, болашағыңа алаңдасаң, ата жолды аттама, ата-анаңның тілін ал. Болашақта бағың ашылсын деп тілеймін.


Базаркүл Болатжанқызы, Оңтүстік Қазақстан облысынан

 
alashainasy.kz/




Көрілген: 3266    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.12.2018, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31