Отбасы - ошақ қасы

Ұлым бұрынғы күйеуімнің қызына үйленді

  • © alashainasy.kz

    © alashainasy.kz

Біз үйде жеті ағайындымыз. Бауырларыма қарайласам деп отырып қалдым. Тұрмыс құрмаған соң бауырымның баласын асырап алдым.


Осылай деп басталатын Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданынан келген хат иесі Гүлмәрия өмірде күтпеген оқиғалар болатынын айтыпты. Соның бірі — өз басынан өткені.


„Семейде педколледжді бітіріп келген соң, сурет, еңбек сабақтарынан сабақ беріп жүрдім. Анам менің тұйықтығымнан тұрмысқа шыға алмайтынымды білді ме, бірде маған: «Сенің жасың болса отыздан асып кетті, жүрісің мынау, жаныңа серік таппадың. Бірақ әйел адам жалғыз жүруге болмайды, інің Саматтың баласын сенің бауырыңа салып беруді шештім» деді.


Сөйтіп аяқ-асты балалы болдым. Әйел адам үшін ең үлкен бақыт ана болу екенін сәбиді құшағыңа алып, иіскегенде сезінеді екенсің.


Бірде үлкен інім Талғат үйге бір жігітті ертіп келді. Анам екеумізге әлгі жігітті фазендасына жұмысшы етіп алғанын айтып, таныстырды. Ол жігіттің жас кезінде сымбатты болғаны көрініп тұр.


Жасы 45-тердегі Хамит есімді жігіт Көкшетау жақтың тумасы екен. Отбасынан ажырасқан соң біздің ауданда тұратын туыстарын паналап жүрген көрінеді. Екі қызы бар екен әйелінен.


Ақыры екеуміз көңіл жарастырып, бас қостық. Ол балама да ұнады. Сөйтсем оның ішкілікке әуестігі бар екен. ақыры екі жылдан соң ажырасып кеттік. Осымен оны енді көрмеймін бе дегем…


Ұлым — Азаматым мектеп бітіріп, Алматы қаласындағы политехникалық университетке оқуға түсті. Оқуын жақсы бітіріп, мұнай саласының маманы болып шықты. Бірнеше жыл Атырау қаласында жұмыс істеп келді. Қазір Алматы қаласында отбасымен тұрады.


Азаматым отбасын құрарда маған күтпеген тосын сый жасады. Бірде ол жұмыстан еңбек демалысын алып ауылға келді.Бірдеме айтқысы келетін сияқты. Сөзді өзім бастадым:


— Балам, маған айтар жаңалығың бар ма, жүрегім сезеді, мені келін әкеп қуантайын деп жүрсің-ау» деп күлдім.


— Маматай, сіз менің ойымды оқисыз ғой, әрине, сізді қуантамын. Менің сүйген қызым бар. Сіз оны танисыз…


— Тез әкел онда, ертең-ақ алып әкел келінімді


— Мама, сіз мені дұрыс түсініңізші, мен үшін сізден қымбат жан жоқ, бірақ сіз менің таңдауыма қалай қарар екен деп уайымдап жүрмін.


Бірден ашығын айтсам, мен Хамит ағаның үлкен қызы Алмаға ғашықпын.


Екеуміз күтпеген жерден Алматы қаласында кездесіп қалдық. Бала кезімізде осы ауылда бірге ойнап, біздің үйде қонақта болып еді ғой. Міне екі жылдай болды, екеуміздің жұбымыз жазылған емес, бірақ осы уақытқа дейін сізге қалай айтарымды білмей келдім. Мен Алманы қатты жақсы көрем. Егер сіз қарсы болмасаңыз, екеуміз үйленсек дейміз.


Ұлымнан мына сөздерді естігенде не дерімді білмедім. Өзімді қойшы, баламның бақыты үшін бәріне көнемін ғой, бірақ ел-жұрт не дейді, ағайын-туыс қалай қабылдайды? Осыны ойлап әбден дегбірім қашты.


Ақыры баламның әлгі қызды шын сүйетіні көзінде тұрған еді. Сондықтан інілеріме мән-жайды түсіндіріп, ешқандай у-шусыз Азаматты Хамиттың қызына үйлендірдік. Қанша жылдан кейін Хамитты да қайта көрдім. Ол соңғы жылдары арағын мүлде қойып, қыздарымен бірге тұрады екен, қыздардың анасы қайтыс болыпты.


Сонымен бұрынғы күйеуіммен тағдыр бізді қайта қосты. Бірақ Хамит екеуміз жұбайлар емес, құдалар болдық.


Мен қазір Азаматымның екі құлыншағын бағып-қағып отырмын. Ұлым келінім, немерем, бәріміз Алматы қаласында тұрамыз. Хамит кіші қызымен Көкшетау қаласында тұрады. Міне, тағдырдың бізге жасаған сыйы осы…



Рысжан, Алматы

alashainasy.kz/


 




Көрілген: 3704    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.01.2018, 10:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31