Отбасы - ошақ қасы

Ұнатқан жігітімнің ойында не барын түсіне алмай дал болдым

  • Ұнатқан жігітімнің ойында не барын түсіне алмай дал болдым

    Ұнатқан жігітімнің ойында не барын түсіне алмай дал болдым

 Әссәлямуалейкум, құрметті оқырман, әпкелер, жеңгейлер! Мен өмір көрген тәжірибелі қыз-келіншектердің кеңесіне зәрумін. Өзімнің жасым 19-да, студентпін. Бір жігітті ұнатамын, ол Шымкенттікі, ал мен Батыстың қызымын. Екеуміз біраз уақыт сөйлесіп жүр едік, кейіннен сөйлеспей кеттік. Ол намаз оқитын жақсы жігіт, мен де Аллаға шүкір намаздамын. Араласып жүргенімізгне біраз уақыт болғанда ол "нәпсіге ерік бермейік, мұнымыз қателік" деп айтты да, менімен мүлде сөйлеспейтін болды. Сөзінің оңында алғашқы қызын яғни, маxаббатын ұмыта алмайтынын және маған босқа үміт бергісім келмейтінін де айттын.


Қыркүйек айынан бастап араласқан ек, қазір араласпаймыз. Бірақ екеуміз бір жатақханада тұрамыз. Бұрын жігітке қарамаймын, ол үшін уайымдамаймын деуші едім, қателесіппін. Сөйлеспей қалғалы оны ойлаумауға тырысып, керісінше діни білімімді арттыру үшін мешітке дәріске барып жүрдім. Шүкір, мешітте біраз нәрсе үйреніп, Құран оқуды меңгере бастадым. Ол кетерінде "діни біліміңізді арттырып, сосын маған келіңіз" дегені есімде.


Жақында тағы бір намазxан жігіт келген болатын неке мақсатында араласайық деп. Бірақ онымен дос ретінде араласып жүрдік. Ол жақсы жігіт, еңбекқор, қыздың қадірін жақсы біледі, өзіме де сонысы ұнайды. Бірақ, ол жігітті көңілім қаламады. Ал Шымкенттің жігітіне келер болсақ, тәкәппарлығы бар, өзі мойындамайды осынысын, үнемі оның айтқаны дұрыс болу керек. Соңғы кездері мені көріп қалған сайын бетіме қарап өтеді, бірдеңе айтқысы келетіндей, бірақ ештеңе демейді. Ортақ достарымыз да көп. Солардың бірі маған "ол сенің келер жылы алып қашуы мүмкін, тыныш жүр" демесі бар ма?! 


Енді қорқа бастадым. Сенер-сенбесімді де білмеймін. Шымкенттіктер Батыстың қыздарын жақтыра бермейді деп естіген болатынмын, сол рас па? Ол ауылдың жігіті. Қанша жерден тәкәппәр болса да, соған тартып тұрады ылғи. Оның ойында не бар, маған деген сезімі бар ма, біле алмадым. Өзі ө іте сақты, сабырлы жігіт. Маған өзінің айтқанын орындата алатындығы ұнайды. Не істесем болады?


Аноним 




Көрілген: 2116    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 19:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30