Отбасы - ошақ қасы

Үндістан азаматына тұрмысқа шыққан тараздық келіншек жоғалып кетті

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Өлі-тірісін білмейді! Тараз тұрғыны Сәулехан Әбдіханова шетел асып кеткен қызын іздеп таппай жүр. Оның айтуынша, осыдан жеті жыл бұрын Үнді мұхитындағы Маврики аралына Үндістан азаматымен ілесіп кеткен Ақмарал Әбдіхановадан 4 жылдан бері хабар жоқ.


30 жастағы келіншекті іздеу жұмыстарына еліміздің Сыртқы істер министрлігі араласқанымен әзірге нәтиже болатын емес. Ал бауыр еті баласын жоғалтқан ана тиісті орындардан оны іздеу ісін күшейтуді сұрап отыр. Себебі, ол перзентін құлдықта ұстап отыруы мүмкін деп есептейді.


Өзінен шамамен 20 жас үлкен Сэнди Тайламимен Ақмарал Әбдіханова 21 жасында Алматыда жүріп танысқан. Қазақ қызына көзсіз ғашық болған үнді азаматы өзінің фирмасына сүйіктісін директор етіп тағайындап қояды. Көп ұзамай екеуі шаңырақ көтеруге уағдаласып, қалыңдығын күйеу жігіт ата-анасына таныстыру үшін Үндістанға алып кеткен. Сөйтіп, Ақмарал он күннің ішінде будда дінін қабылдап үлгеріпті.



Сәулехан Әбдіханова, А.Әбдіханованың анасы:


-Қызым біртүрлі өзгеріп келді. Үш бөлмелі үйдің бір бөлмесіне кіріп кетіп, жоқ болады. Сосын қарасам былай отыр бұрышта. Алдына суреттерді қойып қойыпты. Үндінің суреттерін. «Келін» киносы бар ғой сондағы қоңырау, кішкентай ыдыстар сондайды қойған. Түтін шығып жатыр. Сұрасам, құдайға табынып отырмын дейді.


Сәулехан Әбдіханова қызын Исламды қайта қабылдауға көндіре алмаған. Кейін ол ешкімге ескертпестен сүйіктісі Сэнди Тайламимен Маврики аралына біржолата көшіп кетеді. Содан бері жақындарымен тек телефонмен байланыста болған. Ал, анасымен соңғы рет 2012-ші жылы тілдескенде ренжісіп қалыпты. Өйткені ол Үндістан азаматтығын алу үшін туу туралы куәлігін беруді сұраған.


Сәулехан Әбдіханова, А.Әбдіханованың анасы:


-Сен қазақтың қызысың ол жақта қалмайсың, бермеймін деп едім. Ашуланып қоя салды. Содан бері маған мүлдем соқпайтын болды. Бірақ үлкен әкпесіне хабарласып тұрады екен. Суреттерін жіберіп тұрған, екеуі сол жақта үйленген. Той көйлегін киген.


Жат жұртта жүрген Ақмарал 4 жылдан бері мүлдем хабарсыз. Ал осы жылдың наурыз айында Сәулехан мен оның үлкен қызының ұялы телефонына белгісіз нөмірлерден қоңырау шалынған. Бірақ байланыс жөнді болмай, дауыс естілмепті. Ал анасы бұл құлдықтағы қыздың белгі беруі деп есептейді.


Сәулехан Әбдіханова, А.Әбдіханованың анасы:


-Бізге солай хабар беріп жатыр. Бір ретін табады да хабарласып жатыр. Әртүрлі нөмірлерден хабарласады.


Зейнеткер бұдан кейін бірден Сыртқы істер министірлігіне арыз жазған. Бірақ дипломаттар бірнеше елшілікке хат жолдағанымен, Ақмаралдың жер шарының қай түкпірінде жүргенін анықтай алмаған. Сөйтіп, істі көші-қон қызметіне тапсырған. Енді хабарсыз кеткен қызды халықаралық қылмыстық полиция іздестірмек.


-Бауыр еті баласын жоғалтқан ана қызының үнді азаматына қосылуына рұқсат бергеніне қатты өкінеді. Бірақ болары болып, бояуы сіңген соң тағдырдың жазуына көнбеске амалы жоқ. Оның ендігі арманы – кенже қызы Ақмарадың амандығын білу. Ал, іздеу жұмыстарының қиындауына қарағанда Ақмарал Әбдіханова азаматтығын ауыстырған немесе аты-жөнін өзгерткен болуы мүмкін.


ktk.kz




Көрілген: 1677    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.12.2017, 10:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31