Үш баласы бар еркекке ғашықпын...
Сəлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! Мен 26 жастамын. Тұрмыс құрмағанмын. Осы уақытқа дейін махаббат сезімін басымнан өткеріп көрмеген едім. Біраз уақыт бұрын 25 жастағы, 3 баласы бар еркекке ғашык боп қалдым. Сезімім сөнер емес.
Сіздерден ойларыңызды білгім келеді. Білем менікі дұрыс емес, бұрыс. Бірақ жүрекке əмір жүрмейді екен. Мен оған ажырас, не болмаса отбасын таста деп жаткан жоқпын. Өзім окыған адаммын. Тағдырым осылай болады деп үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Басым əбден катты. Ол да, мен де бір-бірімізді ұнаып қалдық. Əйел, бала-шағасын ойласам да жиіркенер түрім жок. Не айтасыздар? Кімде осындай болды?
Аноним