Отбасы - ошақ қасы

«Үш рет тіктірді…». Гинеколог қыздардың жігіттерді қалай алдайтынын айтты

  • «Үш рет тіктірді…». Гинеколог қыздардың жігіттерді қалай алдайтынын айтты

    «Үш рет тіктірді…». Гинеколог қыздардың жігіттерді қалай алдайтынын айтты

Қазақстанда көрігі қызып тұрған медициналық нарықтың бірі — қыздық салдыру. Ғылыми тілмен ол гименопластика деп аталады. Осыдан ақша тауып жүрген дәрігерлер мамыр айын асыға күтеді екен. Себебі қыздық салдыру той басталатын кез — мамырдан бастап қараша айына дейін жалғасады.


Иә, қыздар қыздық салдыруға той алдында жүгіреді екен. Қыздық пердесін тігіп беріп жүрген дәрігерлердің айтуынша, өз қызметіне жүгінетіндер көбіне Шымкент, Тараз, жалпы оңтүстіктің арулары болып келеді деп жазды Esil.media.


Мұндай ота 18 жастан бастап жасауға рұқсат. Бағасы 50-80 мың теңге аралығын қамтиды. Ал қыздық салдыруға тырысатын қыздардың жасы 18 бен 25 жас аралығындағылар екен. 


Ота күрделі емес, 15-20 минут уақытты алады, одан соң қыз 15-20 минут тұрмай жата тұрады, содан кейін ғана үйіне жіберіледі. Оған ауыр көтермеуге, шалт қимыл жасамауға кеңес беріледі. Әйтпесе тігіс сөгіліп, қыздықтың ағып кету қаупі жоғары. 


Қыздықты қайта-қайта салдыртуға болады екен. Бірақ әр кез сайын жара орнының жазылуы қиындай түседі.


Атын атамауды сұраған дәрігер өз тәжірбиесінде бір қыздың үш рет қыздық жасатқанын айтады. 


— Бір-ақ рет сондай жағдай болды. Көбіне бір рет келген соң қыздар маған қайтып келмейді. Өйткені күйеуге тиіп, бала-шағалы болады. Мысалы, 2017 жылы қыздық салдыру бойынша 70 мың ота жасалды. Ал бұл дегеніңіз Қазақстандағы қыздардың әрбір бесіншісі бұл қызметке жүгінеді деген сөз, — дейді 22 жылдық тәжірибесі бар дәрігер.


kaz.365info.kz




Көрілген: 7887    Пікірлер: 0

жұма, 20.07.2018, 23:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31