Отбасы - ошақ қасы

Ұйғыр қызын ұмыта алмай жүрмін...

  • © kinonews.ru

    © kinonews.ru

Құрметті редакция, қолымнан мақала жазу келе қоймас. Бірақ, кей кейде жүректегі асыл сезім маздап, бойымды сағыныш кернегенде өлең жазғым кеп қолыма қалам алам. Дегенмен мен ақын емеспін, ойымдағыдай жыр туа қоймайды.


Сонымен, мен бала кезде тұйық болып өстім. Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы қазақ орта мектебін бітірдім. Аты айтып тұрғандай, біздің ауылда ұйғырлар көп болды. Бір бірімен етене араласып, тығыз қарым қатынасқа түскен екі ұлт ешқашан шәй десіп көрмеді. Мектебіміз қазақ тілді болғандықтан ұйғыр балалары қазақша оқи беретін.


Біздің сыныпта төрт ұйғыр қызы оқыды. Солардың ішінде Махира деген қыз бар еді. Ата-анасы мектепте мұғалім болғандықтан тәрбиесі өте жақсы болатын. Мен сегізінші сыныпқа келгенде Махираға сезімім барын анық сездім. Оның басқа жігіттермен сөйлесіп тұрғанын көргенде қызғаныштан жарылып кете жаздайтынмын. Біз тоғызыншы сыныпқа өткенде кәдімгідей махаббатпен ауырдым. Кластасым Тұржан екеуміз екі күн әуреленіп әдемілеп хат жазып, Махираға құрбысы арқылы беріп жібердік. Сол кездегі алабұртқан сезім мені жер көкке сиғызбады. Ақыры Махирадан "ия" деген жауап алған кезде мен әлемдегі ең бақытты жан едім...


Біз екі жыл бойы ауылдағы барша жанның тамсана айтар "Төлегені мен Қыз Жібегі" болдық. Біздің ата аналарымыз да етене араласып, біздің үйленетімізге кәміл сенді. Мен Халықаралық олимпиадада жүлде алуыма байланысты университет грантын мектеп бітірмей жатып ұтып алғам.


Мектеп бітірген жылы Махира оқуға түспейтінін, бірақ менің оқу бітіріп келуімді күтетінін айтты. Менің әке шешем дайын грантпен оқуымды қалады. Аудан орталығы Алматыдан аса қашық емес, аптасына бір келіп кетіп жүрдім. СӨйтіп мен бірінші курсты бітіріп, жазғы сессияны тапсырып жүргенде Махираны көрші ауылдың жігіті алып қашқанын естідім. Есеңгіреп қалдым. Сол күні таксимен ауылға келіп, ата анамнан бар мән жайды сұрап білдім.


Сөйтіп, менің Махирам өз еркінен тыс басқа босағаны аттап, сол жерде қалып қойды. Мен сол күні Алматыға қайта аттанып, ауылға тек бес жылдан соң бірақ келдім. Онда да ата анама, тоқсаннан асқан әжеме дипломымды көрсетуге келдім. Ұзынқұлақ жеңгелерімнен Махираның екі баласымен ажырасып, ауылдағы өз үйіне қайтып кеп отырғанын естігенде қайғыдан қан жұттым.


Мен қазір үйленген, үйлі баранды адаммын. Құдайдың берген бес баласы бар, Жарым да жуас, өте тәрбиелі, көргенді жердің қызы. Менің бар жағдайымды жасап отыр. Бірақ соңғы кездері мен өз өзімнен қуыстанып жүрмін. Құшағымда жатқан адал жарыма қастандық жасап жүргендеймін. Оның адал сезімін лайлап алғандай өзімді жаман сезініп жүрмін. Өйткені соңғы кездері мен Махираны көп ойлаймын. Бала кездегі пәк махаббат жүрегімді елжіретіп, сағынышымды маздата бастады.


Құрметті оқырман, менің бұл жайыма түсіністікпен қарарсыздар. Неге екенін өзім де білмеймін, бәлкім бұл уақытша сезім шығар. Әйтеуір жүрек сыздап, сол күндерді аңсай беремін.




Толқынбек Ақара, Алматы қаласы.


alashainasy.kz/  




Көрілген: 1139    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.01.2019, 15:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28