Отбасы - ошақ қасы

"Үйленем" деп алдап кетті

  • © nikoshechka.blogspot.com

    © nikoshechka.blogspot.com

 Саламатсыздар ма, аты-жөнім аноним болып қала берсінші. Менің айтайын дегенім, қыздар тұрмысқа шыққанша жігітке берілмеңдерші. Бір ғана қателігім, өмірімді күрт өзгертті. Қазір өкініштен бармағымды шайнаймын. Бірақ амалым жоқ, уақытты кері айналдыра алмаймын.


2005-2006 жылдары бір кафеде офицанка болып 3 айлык демалысымда жұмыс істедім. Сол жерде бірге істеген бір жігітті қатты жақсы көрдім. Оның талай қыздарды уақытша пайдаланатынын көзіммен көрсем де, еш жек көріп кете алмадым. Үш айлық демалысым бітіп, колледждегі сабағым басталып, ол жерден оқуға кеттім. Кейін қыздардан оның әскери борышын өтеуге кеткенін есіттім.


Кейін колледжді бітірген соң бір күні кездейсоқ бір кафеде онымен жолығып қалдым. Өткен кеткенді әңгімелесіп, ұзақ отырдық. Кафеден шыққан соң, сезімін білдіріп, тағы бір жерге шақырды. Бардым. Ұзақ созып қайтейін, көп ұзамай аяғым ауырлады. Аяғымның ауыр екенін ести сала ол жоғалып кетті. Жеңгеме айтып, ол жігіттің туысқандарын іздеп тауып, қоймай айтып жүріп мені алдыртты. Алайда той жасамады. Көп ұзамай босандым. Ұлды болдым. Атам ойында ештеңе жоқ, алайда жолдасым мен енем екі жақтап шаршатты. Жұмысқа тұрып бүкіл айлығымды енем қолына әкеліп беремін, Жолдасымның да асты үстіне түсемін. Тамағымды дайындап, киімдерін таза ұстауға тырысамын. Әйтсе де осыларға бір жақпай-ақ қойдым. Жолдасым суық, әрнәрсені сылтауратып үйге қонбайды. О баста сондай жүргіш екенін біле тұра қалай көнгеніме таң қаламын. Қатты шаршадым. Ажырасып кетуге әкемнен қорқамын. Бәріне өзім кінәлімін, о баста өз қадірімді білуім керек еді. Басымды кірлетіп алғаныма өкінемін. Сондықтан қыздар ештеңеге асықпаңдаршы, өз қадірлеріңді біліңдерші.


Әсел, Алматы қаласы


alashainasy.kz/


 




Көрілген: 4123    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.09.2018, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31