Отбасы - ошақ қасы

«Выпускнойға» ақша тауып бермесең тәнімді сатам

  • © caravan.kz

    © caravan.kz

Жұмыстан үйге кірген бетім сол еді, дастархан басында әйеліммен бірге көрші келіншек отыр екен. Көрші келіншектің көзінде жас. Өксіп отыр.


Жуынып-шайынып жандарына жайғастым.


«Не болып қалды» деймін ғой баяғы. Әйелім үндемеді. Көрші келіншек:


– Е, көрші, несін айтасың, жағдай қиын. Қыз өскен сайын оған кететін қаражат та көбейе береді екен. Қарыз сұрап келіп отырмын. Мына әйелің сен келсін деп отыр еді. Жақсы келдің. Жүз елу мың ақша керек. Қызым 11-ді бітіріп жатыр. Мектеп бітірушілер жиналып «вечеринка» жасаймыз. Соған анау керек, мынау керек деп қинап жатыр. Өзің білесің, әкесіз өскен қыз. Күйеуім болса, бүйтіп қайыр тілемес едім ғой, әттең. Қатарынан қалдырғым келмейді. Онсыз да кештерге, түнгі клубтар мен туған күндерге шықпаушы еді. Енді мектеп бітіріп жатқан соң қатарынан қалмасын, достарының алдында жерге қарамасын деп қарыз сұрай келдім, – деді.


«Қой жылама, бармыз ғой. Көмек береміз. Сенің қызың – менің де қызым, түк етпес», деп жұбатып жатырмын.


Қызым жоқшылықтан бұзылып кете ме?


Әйелім тұрып: — Сонда да 150 мың теңге бір күн үшін көп емес пе? деді.


– Е-жоға, қызымның подружкалары ондан да көп ақша лақтырып жатыр. Біз қайта азға шүкіршілік жасап отырмыз ғой. Қызым шашымды жасатам дейді. Макияж, маникюр жасатам дейді. Көйлектерің көп қой десем, «ұят болады. Жаңасын алу керек», дейді. Ұстаздарға сыйлық жасаймыз, видео, фотасы бар. Лимузині бар, кешкілік тойлайтын дастарханы бар. Бәрін есептегенде қызым жүз елу мың тауып бер деп отыр.


Егер тауып бермесең, тәнімді сатып, бір еркектің астына жатсам да, ақша қарастырамын дейді.


Жоқшылықтан бұзылып кете ме деп қорқамын. Жаным қысылды. Амалсыз әйелі де, өзі де жұмыс істейді ғой деп,сендерге келіп отырмын, дейді көршіміз.


Келіншектің көзінде жас. Не дерімді білмедім. Әйелім маған қарайды. Мен жерге қараймын. Ойлана келе, сұраған ақшасын берейін дедім. Көршімді үйден құр шығарғым келмеді.


Ол қуанғанынан жылап жіберді.


«Жылама. Сенің басыңа түскен жағдай бізге де екі-үш жылда келеді. Біздің қыз да Құдай қаласа, екі жылдан кейін мектеп бітіреді. Бізге де сен секілді амалсыз болмайтын нәрсеге бола шашылуға тура келмек», деп әйелім бір күрсініп қойды.


Расында, мектеп бітірушілер бір күндік ырың-жырыңға қаншама ақша жібереді?


Оны біреудің қалтасы көтереді, біреудікі көтермейді. Солай бола тұрса да қатарынан кейін қалмасын, көңіл-күйі түспесін деп қарызданып, қауғаланып жатады. Осы дұрыс па, енді?


Аян Мырзабек

caravan.kz 




Көрілген: 2833    Пікірлер: 0

жұма, 18.05.2018, 16:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31