"Ылғи қыз туған әйел" деп талайлар мүсіркейді

"Ылғи қыз туған әйел" деп талайлар мүсіркейді

Бес қыздың анасымын. Әлбетте «мен бақыттымын!» деп нық сеніммен айта аламын. Қыздарымыз ақылды. Біреулерді білемін, ұлдары араққа салынып не анаша шегіп ата-аналарын жылатып жүреді. Нағыз қасірет сол. Мұндай «қарғайын десем – жалғызым, қарғамайын десем – жалмауызым» дегізетін ұлың болғанша, ақылды бес қызың болған ғанибет! 

Шыны керек, «тек қыз тудым» деп еш өкінбеймін. Бесінші қызымды туғанда дәрігерлер қыз екенін айтуға бата алмай жүрді. Негізі УЗИ-ға бір рет түскенмін. Онда жынысы дұрыс көрінбеді. Ал ауылдан ауданға жиі келу маған мүмкін емес. Сол себепті де «бәлкім ұл болар» деген үмітпен жүрдім. Қыз болса да менің бауыр еті балам. Қызымды қойныма алғанда ет жүрегім елжіреп сала берді.
Мойындаймын, «ылғи қыз тапқан әйел» деп сырттан біреулердің мүсіркейтіндері маған ұнамайды. Тіпті, енем де үнемі «қыз ғана туатын қатын» деп кекетіп-мұқатып отыратын. Оны айтасыздар, күйеуімнің кезінде бүкіл ауылды шулатқан бір бұзық інісінің өзі кейде қағытып-соғытып бір тиіспесе көңілі көншімейді. Оның тіпті қыздарыма «шешесінің қыздары» деп оның ағасының оларға еш қатысы жоқтай сөйлейтіні бар. Құдды бес қызды да мен жолдан тапқандай... Көп адам үшін тек қыз туатын әйел – екінші сұрып адам сияқты. Үлкен қызым бәрін түсінеді. Ағасын сыйлаудан қалған. Алайда «қандай болса да ағаң, үлкен кісі, сөйлейді, қояды» деп қызымды ақылға шақырып отырамын.
Менің күйеуім – алты ағайынды. Енем алты ұл туған әйел. Сіздерге – өтірік, маған – шын. Менен басқа келіндерінің барлығы тек ұл туады. Тек менен кейінгі келініміз бір ұл, бір қыз туған.
Енем бірде төсек тартып, жатып қалды. Өзі өлетін шығармын деп ойлады. Бірақ дертінен айығып, қазір дін аман. Аурып жатқанда кілең ұл туып, мәртебелі болып жүрген бір де бір келіні оған қарамады. Жұмыс арасында (мектепте мұғаліммін) үйге жүгіріп келіп, астын тазалап, тамақтандырып жүрдім. Осылай бір жыл біраз қиналдым. Оны қойшы, енемнің аман қалғанына қатты қуандық. Арасында менің қыздарым қараған еді оған. Түсінгеніне рахмет, содан кейін енемнің маған көзқарасы мүлде өзгерді. 180 градусқа. Қазір екеуміздің қарым-қатынасымыз басқа. Қызы мен шешесі сияқтымыз. Не істесе де менімен ақылдасады. Тәттісін, әдемісін тығып маған береді. Қыздарымды да ерекше жақсы көреді. Қысқасы, енем өмір мен өлімнің ортасында жатып, бұрынғы қателіктерін мойындаған сияқты.
Бірақ кейде күйеуімді аяймын. Достарының барлығында да ұл бар. Бірде мектепте бірге оқыған досы қонақта отырғанымызда «сен осы ұл тудыра алмасаң маған айтып қойсаңшы, көмектесіп жіберейін» деп кеңк-кеңк күлгенде, күйеуімнің аузына сөз түспей, басы салбыраған күйі көзімен жер сүзіп отырып қалды. Әрине ол «қалжыңдадым» деп ойлады, десе де досының еркектік намысын аяқ асты қылғанын ұқпады. «Ондай ақымақ адамдарға сөз шығындап керегі жоқ» деп, мен де үндемедім. Бірақ күйеуімнің алдында өзімді қатты кінәлі сезіндім. Құдайдың бір ұл бермегеніне сол кезде налыдым іштей.
Күйеуім қыздарын қатты жақсы көреді. Маған да «ұл тумадың» деп ешуақытта артық әңгіме айтып көрген емес. Бірде үшінші қызым науқастанып аудандық аурухана түсіп қалды. Шығаратын кезде күйеуім көлігінің бір жерін жөндеп алайын деп, өзі жұмыс істеп жүріп, «сары қызым жазылды, үйге қайтып келеді» деп өзінше бір өлең шығарып, әндетіп жүр. Жүрегім жылып сала берді. Әр қызын өзінше жақсы көреді. Осыдан бірнеше жыл бұрын үлкен қызымыз дүкеннен қымбат аяқ киім көріп, қатты қызыққанын айтып келді. Ол түнде ұйықтап қалғанда, күйеуім маған сыбырлып «қызымызға тосын сый жасайық. Таңертең ертемен ана аяқ киімді сатып алып, қасына әкеп қояйық» дейді. «Бағасы удай ғой. Содан кейін қиналып қалмаймыз ба?» деп едім, «бір мәнісі болар. Баламның бір қуанышының өзі мен үшін орасан байлық!» дейді. Дәл солай жасадық. Қызымыздың қуанышында шек жоқ. Шынымен де одан өткен бақыт жоқ екен!
Қазір жасым 40-тан асқан. Менің жасымда да бала туып жатқан әйелдер жоқ емес. Денсаулығым да, тәубә, жақсы. Тағы бір құрсақ көтеріп көрсем деймін. Бірақ тағы қыз болып қалса қайтемін. Ұлды аңсап жүрген күйеуім тағы қыз туылса қандай күйге түсер екен... Қазір осындай ойлар мазалап жүр. Әлде ұл туамын деген оймен ғана бала көтермей-ақ қояйын ба? Күйеуімнің атын жалғастыратын «бір алтын шүмек» бір жағынан керек. Қайтсем екен, білмеймін...

Гүлбақыт

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста