Ынжық күйеуім жаныма да жолай алмайтын

Ынжық күйеуім жаныма да жолай алмайтын

  Менің жасым 27-де. Жақында 4-інші рет ана атанғалы отырмын. Аллаға  шүкір,  бақытты анамын!!! Алайда бақытты əйел қатарына қоса алмаймын өзімді. Күйеуіммен арамыз суып кеткен. Яғни, мен суып кеттім. Мен үлкенімді босанғанда біз 1 жылдан аса уақыт бөлек жаттық. Оған себепші енем еді. Мені өздерінің, яғни қызы екеуінің жандарына жатқызып қойды (Атамыз дүниеден озған). Балаға қарай алмайсың,  мен қарасам дейтін.

Күйеуім кейде күндіз үйде ешкім жоқ болса, қосылайықшы дейтін. Менің ызам келетін. Түнде өз əйеліңді жаныңа жатқызуға бата алмайсың деп ұрысатынмын. Тағы енемен қызынан еститін қаншама сөздерім бар. Жылу жоқ. Солай мен күйеуімнен суый бастадым.

Екінші ұлымды босанған соң екеуміз бірге жаттық, алайда менде сезім қалмады. Күйеуім тым ынжық адам. Сол ынжықтығының арқасында, енем қызымен менің басыма шыға бастады. Айтпайтын сөздері жоқ еді. Менде үлкен кісі ғой, сыйлай берейін. Қыз ғой, қойшы қояр. Менде қыз болдым ғой деп үндемеуге тырысатын едім. Бірақта олар менің ол сыйлағанымды түсінбеді. Қайта одан сайын басынды. Менің көңілім əбден қала бастады бəрінен.

Күйеуім мені қорғай алғанда ғой деп налитынмын. Кейде түнде күйеуіме айтсам, өзімді кінəлəп шығатын. Қазір енді ештеңе айтпайтын болдым. Солай мен одан сайын көңілім қалып, суыдым. Қазір бəрінен көңілім қалып біткен. Енеме сұрақ қойса жауап беремін, өзім бірдеме сұрасам ғана сөйлеймін. Қайынсіңіліме мүлдем сөйлемеймін. Бар ма ол үйде, жоқ па, бəрібір. Кезінде  төсек қатынасы емес, жəй ғана жылы сөзі керек кезінде бере алмаған, көкірегімнен итеріп, тек өзіне керек бірдеме кезде ғана жаным деп құшақтаған күйеуіме деген сезімім мүлдем өлген! Қазір жаным деп өле жаздайды, алайда енді ол сөзінің маған еш маңызы жоқ. Оны жасырмаймын, өзіне де ашық айтамын. Кейде мен сені жек көремін деп те айтамын. Оған тек балаларымның əкесі немесе танысым сияқты қараймын. Көңілің қалып, сезімің өшсе қиын екен. Тіпті оның жанында жатудың өзі азапқа айналғандай. Кімнің басынан мұндай жағдай өтті екен? Уақыт өте бəрі де қалыпқа келе ме? Сыр бөлісіңіздерші?! Алдынала рақмет!!!

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста