Дат!

Жігіттеріміздің ішімдікке үйірлігінің себебі – гептилден

  • Жігіттеріміздің ішімдікке үйірлігінің себебі – гептилден

    Жігіттеріміздің ішімдікке үйірлігінің себебі – гептилден

Зұлқия НАМАЗБАЕВА, медицина ғылымының докторы, профессор:



– Зұлқия Игенқызы, еліміздің бә­се­кеге қабілетті елу елдің қатарына ер­кін енуі үшін баса маңыз беретін са­ла­сының бірі – тұрғындардың ден­сау­лығы екені белгілі. Бұл тарапта қа­зір­гі экологиялық ахуалдарды сара­лай келе қандай жағдаяттар біздің ар­тық­шылықтарымыз, қайсысы кем­ші­лік­те­р­і­міз болып табылмақ?..

– Қазіргі кезде бұл сауалдардың бар­лығы ел жиі айтатын «инновация» деген тер­мин­ге келіп тіреледі. Біздің түсінуімізде, ин­новация дегеніміз ең әуелі – өмірдің бар­ша саласына ғылыми негіздеме жасау. Ғы­лыми негізсіз ешқандай даму, алға басу бол­майды. Денсаулық саласында бұл ша­руа­лар айналаны қоршаған ортаның эко­ло­гиялық жағдайының, өнеркәсіп орын­да­рының адам денсаулығына әсерінің, ха­лық­тың популяция ретінде дамуының ғы­лы­ми сараптамаларынан басталуы ке­рек. Бізде инновация дегеніңіз олай түсін­ді­ріл­мей тұрған секілді. Кез келген салада өз жағдайымыздың анық-қанығына жет­пей тұрып, шетелдік технологияларды ен­гі­зу­ге құштар боп келеміз. «Инновация» де­ген сол деп ойлаймыз. Олай емес қой. Қазақстандағы экологиялық ахуал Ре­сей­ден де, өзге алыс-жақын шетелден де өзгеше. Халықтың өмір сүру салты да, ға­­сыр­лар бойы қалыптасқан денсаулық жағ­дайы да ерекше. Соған қарамастан, ин­новациялық жаңалықтардың бәрі ше­телдік даму үрдістерінен көшіріліп алы­на­ды.

Еуропада немесе басқа шетелде, өз­де­рінің ежелден үйренген ортасында, эко­ло­гиялық таза аймақта тұратын елдің ерек­шелігіне сай жасалған дүние бізге әкеп жапсырылады. Ол елдің қаншама ға­сыр генетикалық қалпына етене болып кет­кен жайы бізге келмейтіні ескерілмейді. Оның сыртында, қазір адам денсаулығына қа­тысты жаңалықтар ашу тек тұрғылықты ор­тасының жай-күйін қоса саралап отырып қа­на жасалады. Бұл тарапта біздің Еңбек ги­гие­насы және кәсіби аурулар ұлттық ор­та­лығы 1970-жылдардан бері тұрақты зерт­теулер жүргізіп келеді. Мәселен, Қа­ра­ғанды өңірінде топыраққа сынаптың, кадь­мийдің, қорғасынның сіңіп, қорлануы бай­қалып отыр. Осы ауыр металдар жер­гі­лік­ті тұрғындар ағзасына өте күрделі әсер етіп отыр. Кеңестік дәуірде бұл туралы айт­қыз­баған, кейде қазір де бұл жайлы ашық әңгіме бола қоймайды. «Ойбай! Әлеу­мет­тік жарылыс тудырып қажеті не? Мұны шешудің жолдары жасалынып жатыр», – дейді жоғары жақтағылар.

Үлкен көлемде қаражат та бөлінеді, денсаулықты қалпына келтіру орталықтары ашылып келеді. Бірақ жергілікті халықтың денсау­лы­ғы әлі де сын көтермейді. Неге? Бұған түр­лі тарапта жауап беруге болады. Бір жайтты ғана айтайын. Мәселен, Қара­ған­дыда «Қазчерметавтоматика» атты акционерлік қоғам бар. Қазақстандағы ден­­сау­лық саласының құрылғыларын жа­сап шы­ғаратын бірден бір орталық. Түрлі зерт­­ханалық приборлар жасалады мұнда. Ден­­саулық саласының зертханалық құ­рыл­­­ғы­ларын жасау дегеніңіз, қаржылық жа­­ғы­нан кел­ген­де аса көп қайтарымы бол­май­тын сала. Бізде қалыптасқан бір ша­руа­ға салған қаражат келесі жылы есе­леніп қайтуы керек деген түсінік осы орта­лық­тың жұмысын таза тұралатып келеді. Оған демеу жасағанның орнына, күллі құ­рыл­ғыны шетелден тасимыз...

– Денсаулық саласында қол­да­ны­ла­тын қазақстандық құрылғыны көре қой­ған жоқпыз расында...

– Иә. Құрал-жабдық, құрылғы үшін бөлінетін қаражаттың барлығы, табыс­та­ры­мыздың бәрі дерлік шетелге кетеді. АҚШ-тан да, Ресейден де, Қытайдан да ала­мыз. Дәрі-дәрмекке байланысты да осы­лай деуге болады. Неге біздің ата-ба­ба­­ларымыз ғасырлар бойы пайдаланып ке­ле жатқан еттен, қымыздан дәрі-дәрмек жа­са­масқа? Біз былайша айтқанда, «еттің нар­ко­ман­дарымыз». Өзге ұлт секілді емеспіз ғой. Қазіргі табиғи ортаны, ел тұ­ты­нып жүрген тағамдық құрамдарды ес­ке­ре отырып, дәрі-дәрмек жасалса, міне, ин­но­ва­ция дегеніңіз осы болар еді...

– Соңғы жылдары ел ішінде Ресейдің «Протон» зымырантасығыштары тұ­ты­на­тын геп­тил­дің та­би­ғатқа, ден­сау­лыққа әсері туралы жиі әңгіме бо­лып, қазір басылып қалған тәрізді. Геп­тилдің ағзаға әсері қандай? Біздің ден­­саулығымызға осы құлаған «Про­тон­дар» қандай өзгерістер әкелді?..

– Бірден айту керек, гептил – өте «зы­миян» нәрсе. Ол еркін ыдырауға беріле қой­майтын органикалық зат. Гептилдің Ре­сей­дің басқа ғарыштық айлақтарында емес, Қазақстанда, Байқоңырдан ұшы­ры­латын ракеталарда қолданылу себебін ға­лым­дар біздің кең даламызда ауаға еркін та­рап, ыдырап кетуімен түсіндіреді. Сосын біз де мо­мын ха­лық­пыз ғой. Ресейдің иен жат­­қан ор­ман-то­ғай­лы ала­бы­на түсіп көр­сін­ші, жергілікті халық, «Бұл деген жа­уыздық!» деп шыға келер еді. Бізде «геп­тил жауса, жауа берсін, өтемақысын бер­се болғаны» деген өте нашар психология бар. Жалпы, кез келген сорақы құбылысқа кері түсінік қалыптастырып аламыз. Мүл­­де дұрыс емес. Ал гептил аспаннан жау­ғанда әуелі шөптесін өсімдіктердің құра­мы­на сіңіп кетеді. Ауада ыдырағанда фор­маль­дегид, нитрат, нитрит секілді, одан да басқа түзілістерге айналады. Ни­трат пен нитрит – кәдімгі тыңайтқыш қой. Ол өсімдіктер арқылы адам ағзасына көп мөл­шерде енгенде бауырдың бе­лок син­тездеу функциясын бұзады. Сол арқылы адамның күллі ағзасының жұмысын бұзады. Егер осы тыңайтқыштар адам ағ­за­сына ас қорыту жолдары арқылы емес, тыныс органдары арқылы енетін бол­са, бірден қанның құрамына еніп ке­те­ді. Қан құрамындағы бірден бір ауа та­сы­малдағыш – гемоглобиннің құрамын өз­­­гер­­тіп, «метгемоглобин» деген түзіліс пайда болады. Метгемоглобинді қазіргі қан құ­рамын тек­се­ретін алдыңғы қатарлы ме­ди­циналық құ­рыл­ғылар анықтай ал­май­ды. Ол үшін ар­на­йы ерекше сезімтал құ­рыл­ғылар ке­рек. Бұл жерде еріксіз айтуға ту­ра ке­леді – геп­тилге қатысты қаншама шу кө­те­рі­ліп, әңгіме болғанымен, елдің ден­сау­­лы­ғын тексеру жүргізілгенімен, үлкен нә­­ти­­же­­лер шы­ға­рылды дей ал­май­мын...

– Соңғы жылдары бес-алты рет құ­лаған «Протонның» залалы бойы­мыз­дан кеткен жоқ дейсіз бе?

– Бес-алты рет дегеніңіз, біздің біле­ті­ні­­міз ғана. Ал нақты қанша рет аспаннан геп­­тил жауғанын кім біледі? Кім біледі, бәл­­кім, «Протон» қазақ даласына әдейі құлатылған шығар?! Оны айтсақ, саясатқа соқ­ты­ғы­сып қаламыз...

Гептилдің тағы бір өте ауыр әсері – адамның жүйке жү­йе­­сіне тигізетін зияны. Адам миынан күн­делікті тірлігі­мізде істеген ісімізден, көр­ге­ні­мізден қа­на­ғат­тану сезімін, ләззат алу күйін қалып­тай­тын серотонин атты гар­мон бөлініп тұ­руы керек. Гептил осы се­ро­то­ни­н­нің бө­лі­нуіне үлкен кедергі келтіреді. Нә­ти­же­сінде адам күйзеліске ұшырағыш, шар­­ша­уық, ашушаң, немқұрайды, жал­қау болып кетеді. Өзі істеген ісінен ра­қат­­тана алмайды. Керісінше, күйгелек, ен­­жар, суицидке – өзіне өзі қол салуға да­­йын тұратын болады. Бұл көңіл күй қа­зір бә­рі­мізге таныс қой. Әсіресе, ауыл тұр­ғын­да­ры күйзелгіш келеді. Неге? Ауылдан қа­ла­ға арман қуып келген қазақтың қыз-жі­­гіт­­терін қалалықтар көбіне «жалқау, мі­нез-құлқы дұрыс емес, енжар, жауапсыз, се­­нуге болмайды, ойлау қабілеті нашар» деп кінәлап жатады. Себебіне кім үңіліпті? Қа­­зақ­тың атпал азаматтары ішімдікке неге үйір? Ішімдік ағзаға түскен кезде серотонин екі есе артық мөлшерде бөлінеді. Жі­гітте­рі­міз­дің ішімдікке, өзге зиянды, кү­мән­ді ша­руа­ларға үйірлігінің себебі гептилден еке­­нін кімге барып дәлелдейсің? Кеше де, қазір де ауылдан келген жандарға қа­лай көмектесеріңді білмейсің! Жаның ауы­ра­ды. Гептил аспаннан жауған кездері бір­ден үлкен ауқымды шаралар атқарылуы ке­рек еді. Әрине, еш шара қолданылмады деу­ге болмас. Жүкті аналарға тиісті емдік витаминдер, тағамдар рецепті берілді. Елді тұтастай тексерістен өткіздік. «Жағдай нашар. Аурулымыз» деп айта бергеннен еш­те­ңе шық­па­й­ды...

– Сонда гептил тек қазақ ұлтына ғана зиянды нәрсе ме?

– Жоқ. Гептилден ыдырайтын нитрит пен нитрат туралы айттық қой. Мәселен, өт­кен ғасырдың алпысыншы жылдары Қа­зақ­стандағы неміс ұлты  арасында қа­терлі ісік – рак ауруы жиі кездескен бо­ла­тын. Бәріміз білеміз, неміс ағайын кө­кө­ніс, жеміс-жидекті бізден он есе ар­тық тұтынатынын. Сол тұста өсімдіктер құ­ра­­мын­дағы тыңайтқыштар осы ауруға шал­­дықтырған. Уақыт өте келе рак ау­руы жет­пісінші жылдары орыстардың ара­сында жиі байқалатын болды. Қазір осы дертпен қа­зақ жиі ауыратыны анық. Қа­зақтың не­гізгі тағам түрі – ет. Өсімдік құ­ра­мын­да­ғы тыңайтқыштар, жануар үшін у әуелі жан­уарлар ағзасына түседі ғой. Ертеректе мал­дардың ағзасы ол уды жойып жіберіп оты­руға қабілетті болатын. Қаншама жылдар ішін­де әлгі у жануарлар ағзасына әбден сі­ңіп, енді ет пен сүт арқылы қазақтың ағ­за­сын ластап, ауруға шалдықтырып отыр. Гептил қазақ атырабына тарағанда, кө­ке­леріміз «Е, онда ел аз ғой. Жауса жауа бер­сін» десті ғой. Бірақ далада жайылатын мал­ды, оны тұтынатын қазақты ойлаған ешкім жоқ. Бір ол ғана емес. Қазір біздің топыраққа өнеркәсіп орындары арқылы қор­ғасын, кадьмий, сынап өте көп мөл­шер­де сіңген.

Ежелгі дүниеде әлемдегі ал­дың­ғы қатарлы өркениетті ел болған Рим им­периясының құлдырауының бір себебін ға­лым­дар тұтынған суларының құрамында қор­ғасынның көп болғандығымен де тү­сін­діріп, дәлелдеп берді. Римдіктер қала­ларында су құбырларын жүргізіп, құ­быр­ларды қорғасыннан жасаған ғой. Сумен бір­ге ағзаға енген қорғасын уақыт өте ке­л­е зиянды болып шыққан. Римдіктердің ба­ла­лары іштен кеміс, науқас, мүгедек боп туа бастаған. Тұтас империя тарихтан өшті емес пе? Бізді ондай дерттен сақтасын, бірақ, «жаман айтпай жақсы жоқ!»..

– Қазір нәрестелердің түрлі аты жа­ман науқастарға шалдығып туатыны, ана­лардың қанының аздығы да эко­логия­лық ахуалмен түсіндіріліп отыр ғой...

– Негізі, ұрпақ денсаулығы, аналардың ден­саулығы ең бірінші кезекте болуы ке­рек қой. Біздің елімізде де ана мен бала ор­та­лықтары ашылып, жұмыс істеп жатыр. Бұл салаға қаншама қаражат та ретімен қа­ра­лып келеді. Бірақ бұл шаралар да жет­кіліксіз тәрізді. Мысалы, Ресейде тұр­ғын­дардың химиялық қауіпсіздігін қада­ға­лайтын тұтас қоғамдық ұйым бар. Тұтас инс­титут бар. Қоршаған ортаның және адам экологиясының гигиенасы деген. Онда бәрін тексереді. Пермьде ашылған осындай орталықта мынадай жағдайлар бар: Мәселен, әлдебір қыз бен жігіт үй­лен­бек болады. Оларды үйлендірместен бұ­рын, біраз уақыт бойы осы орталықта то­лық тек­се­ріп, денсаулықтарын қалпына келті­ре­ді. Ара­да кесімді уақыт өткен соң олар ба­ла­лы болады. Қазір әлгі жастардың бала­ла­ры он екі-он үшке келген шығар. Осы он екі жыл бойы әлгі орталықтағылар туған әр баланы қадағалап отырды. Ол бала ал­ды­на не келсе, соны ішпейді. Біздегідей «Ко­ка-кола» ішпейді, Еуропаның неше түр­лі жасанды тағамдарын тұтынбайды. Та­за табиғи нан, сүт тәрізді тағамдарды ға­на тұтынады. Міне, жұмыс деген – осы. Гигиена деген – осы. Ресейде осындай ау­қым­ды шаралар жүзеге асырылуы ар­қылы ұрпақ саулығы, болашақ қамы жа­са­лып жатыр. Әлгі балалар керемет ин­тел­лектуалды ұрпақ ретінде даярланып ж­а­тыр.

Біз­де бір орталық ашылса, соның «Бас дәрігері кім болады екен?» деген та­лас басталады. Оның керегі не? Ең бас­тысы – жұмыс жүрсе болды емес пе? Қа­зақ бастық болғысы кеп тұрады. Жұмыс іс­теп үйренсейші одан да. Бастық болсам, жұ­мыс істемеймін деп ойлайды. Осы пси­хологиядан ары­лу керек. Бұл тараптағы шаруа­ларды тү­бе­гейлі, пышақкесті қылып ше­шу керек. Біз­де­гі шаруалар жәрдемақы, тек­се­ріс се­кіл­ді нау­қан­дық шаралардан асар емес.

– Сонда мұндай психологиядан ары­ла­тын дәрмен жетіспей ме? Жал­пы, не жетіспейді бізге?

– Егер жемқорлық туралы немесе қа­те­ліктер туралы айтатын болсақ, сая­си салмағы бар тақырыпқа ойысып ке­те­міз. Менің айтарым, қазіргі жағдайда үл­кен қалпына келтіру орталықтарын, та­би­ғи жағдайы қиын ортаға қалыптасу, реа­би­ли­тация дейміз ғой, сондай орталықтарды қа­лып­тас­ты­руымыз керек. «Экологиялық ахуал нашар» деп, «табиғат ластануда» деп айғайлай бергеннен ештеңе шық­пай­ды ғой. Қытайда экологиялық ахуал жақ­сы деп кім айтады? Біз шамамыз кел­ген­ше, осы жағдайға ағзамыз қарсы тұра ала­тын деңгейге жетуіміз керек.

Ата-ба­ба­­ларымыздан жалғасып келе жат­қан, өзі­міз­ге тән, қанымызға сің­ген дәс­­­түр­­­лер­­­ді бұз­бай, жанымыз­ға жа­ғ­атын та­­би­­ғи зат­тар­дан дәрі-дәр­мек жа­са­­уы­­мыз ке­­рек. Ұлт­тық қалпы­мызды, ден­­сау­­лы­­ғы­­мыз­­­ды сақ­­тау үшін дәс­­­түр­­­ден айы­рыл­ма­уы­­мыз керек. Қа­­зір­гі техникалық қауырт да­­му ке­зін­де мей­­лін­ше сақ, тәртіппен өмір сү­­­­руі­­­міз керек. Кез кел­ген салада дұрыс жұ­мыс ұйым­дастыру меха­низм­­дерін қа­лып­тас­­­­ты­ру керек. Дәстүр жал­ғастығы үзіл­меуі ке­­­рек. Мә­се­лен, біздің ғұлама профес­сор­­­ла­­­ры­­мыз­­дың айлығы шайлығына жет­пей­тін­­дік­тен, бірнеше жерде жұмыс істеуіне ту­­­ра ке­ле­ді. Оларды қаншама тәжірибесін, бі­­лім толы алтын басын қадірлемей отыр­мыз. Содан соң, жастар ғылымға келмейді. Өйт­­­кені ғылымда тез әрі көп ақша та­буға мүм­­кін­дік жоқ. Сондықтан бізде тә­жіри­бе­нің ұр­пақ­қа ұласуы болмай отыр. Сти­мул жоқ. «ХХІ ғасыр – гигиена ғасыры» деп те­гін ай­тыл­ма­ған. Дә­рі­гер­лер­дің қо­ғам­­­дағы рө­­лі ке­ше­гі санитар­лық-ағар­­ту­­шы­­­лық пен са­ла­уат­ты өмір салтын на­­си­хат­­тау­­­шы­лық­тан анағұрлым жоға­ры бо­луы ке­­­рек. Со­дан соң жеке бас денсау­лы­ғын ұлт­­­тық ден­сау­­лық­­пен ұш­тас­­ты­ра біл­­сек, ұтыл­­­­маймыз. Түп­­теп кел­­ген­­де, бәрі өзімізге бай­­­­ла­­ныс­ты.

– Әңгімеңізге рақмет!



Дәйектеме-диагноз

Қазір Жер шарындағы дүниеге келетін сәбилердің 10 пайызы генетикалық кемістікпен (физикалық және ақыл-ой мүгедектігі) туады, 30 пайызы құрсақта көз жұмады. Некелескен жастардың 15 пайызы ұрпақ сүю бақытына қол жеткізе алмайды. Осының барлығы жер шарындағы тұрғындардың химиялық залалды заттармен ластанған ортада тұратындығынан болып отыр.

Соңғы жылдары Балқаштағы кен-металлургия комбинатынан жыл сайын қала маңы атмосферасының жер бетіндегі қабатына 600 мың тоннадан астам химиялық қалдықтар түседі. Осынау 39 түрлі улы заттың 33-і арнайы санаттағы улы қосылыстарға жатады.

Өткен ғасыр соңынан бері 2006-2007 жылға дейін Қарағанды облысы мен Ақмола облысы территорияларын басып ағатын Нұра өзенінің табанында 150 тоннадан астам улы сынап қордаланып қалған. Нұраның суын қазіргі таңда Қарағанды облысы мен Астананың жалпы саны миллионнан астам халқы тұтынып отыр.





Көрілген: 1390    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.11.2010, 14:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31