Саяси сахна

«100 жаңа есімге» кіретіндер Президентпен кездеседі - Дәурен Абаев

  • «100 жаңа есімге» кіретіндер Президентпен кездеседі - Дәурен Абаев

    «100 жаңа есімге» кіретіндер Президентпен кездеседі - Дәурен Абаев

Бүгінде аталған жоба аясында 102 үміткер іріктелді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


"100 жаңа есімнің" бірінші кезеңі аяқталды. Соның қорытындысы бойынша біз 102 адамды іріктеп алдық. Олардың өмірлік жолы мен күнделікті қызметі болашақ ұрпаққа үлгі бола алады. "100 жаңа есім" жаңа көзқарасты, жаңаша ойлауды қалыптастырады деген үлкен сенім бар. Бүгін кішігірім құпияны да ашып бере аламын. Жылдың аяғына дейін біз "100 жаңа есімге" кіретіндердің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз", - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанадағы xалықаралық конференцияда.


Министрдің айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы да қоғам өмірінің сан саласын жаңғыртуды көздейді. Соның аясында ел экономикасына ақпараттық теxнологиялар кеңінен енгізіледі, инновацияларды жан-жақты қолдануға жол ашылады. Мектептер мен жоғары оқу орындарының білім беру жоспарлары заман талабына қарай өзгеретін болады. Үздік университеттерде ақпараттық-коммуникациялық кафедралар ашылып, бағдарламалау негіздеріне арналған сабақтар енгізіледі. Жаңа теxнологияларды қолдану жағынан мұғалімдердің дайындығын арттыруға баса назар аударылады.


«Осылайша, адам капиталын дамыту арқылы біз сананы жаңғыртуға қатысты нақты мақсат-міндеттерді орындай аламыз», - деп атап көрсетті Дәурен Әскербекұлы.


Айта кетейік, елордада «Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі» тақырыбында xалықаралық парламенттік конференция басталды. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр. Мәжіліске Ресей, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Армения, Италия, Испания, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Мажарстан және тағы басқа ұзын саны он бес елдің делегаттары қатысуда. Бұдан бөлек, АҚШ-тың сарапшылары да келді.




Көрілген: 842    Пікірлер: 2

дүйсенбі, 27.11.2017, 16:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31