Саяси сахна

Ақ үй Қытайға ескерту жасады

  • © baq.kz

    © baq.kz

Оңтүстік Қытай теңізінде милитаризациялау процесін тоқтатпаған жағдайда Қытай жазасын алады деген Ақ үй ескерту жариялады. Пекин аталған аймақта 3 постқа өз зымырандарын орналастырып, жергілікті жұрттың үрейін тудырған. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


АҚШ барлау қызметі Пекиннің үш аралда әскери жаттығу жұмыстарын өткізу сылтауымен, кемелерге қарсы қолданылатын зымырандарын орналастырып қойды дейді.


Бірақ сәуір айында болған әскери оқулардан кейін зымырандардың аралдан шығарылуы да мүмкін. АҚШ Қорғаныс офицері бұл жағы әзірге белгісіз деп отыр.


Оңтүстік Қытай теңізі - әлемдегі дау-дамайы бітпеген аймақтың бірі. Бұл жердегі аралдарға Қытай, Филиппин, Вьетнам мемлекеттері таласып, шекара мәселесін шеше алмай отыр.


Қытай ең әуелі Спратли аралына зымырандарын орналастырған. Ол аталған аймақта өз билігін күшейткісі келеді.


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс: «АҚШ қытайлармен арадағы мәселені көтерді. Біз Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі милитаризациялау саясатын жақсы білеміз. Оның салдары үлкен болмақ, біз Пекинге ескерту жарияладық» деді.


Қытай әскери қару-жарағын Суби, Отты Крест және Филиппин аралдарының шығыс аймағына енгізген. Кемелерге қарсы орналастырылған YJ-12B зымырандары 295 теңіз милі аймағына дейінгі жерді бақылауға алып, кемелерге шабуыл жасауға қабілетті.


2016 жылы Пекин дәл осындай зымырандарды Вуди аралы мен Парасель аймағында, яғни, Оңтүстік Қытай теңізінің солтүстік-батыс бөлігіне орналастырғандарын ресми түрде айтқан болатын.


Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чуньин өз елінің аталған аралдарда бейбіт саясат ұстанатынын, «ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қарапайым құрылыс жұмыстарын жүргізгенін» айтты. «Бұл құрылыстың ешқандай мақсаты жоқ. Ешкімнің де уайымдап, қайғыруға құқығы жоқ. Арал тұрғындары бейбіт өмір сүре берсін, тыныштығы сақталады» деді Чуньин.


Дегенмен, Қытайдың зымырандарды орналастыру әрекеті тек арал тұрғындары ғана емес, бүкіл әлемнің назарын өздеріне аударды. Австралияда сөз сөйлеген Франция президенті Эммануэль Макрон: «Дау-дамайға басы іліккен бұл аралда баланс сақтау маңызды. Бірде-бір соғыс амалы болмауы тиіс» деді.


Пентагонның баспасөз хатшысы Дана Уайт АҚШ-тың халықаралық мұхит мәселесіне қатысты алаңдаушылық білдіріп отырғанын жеткізді. «Қытайлар соғысқұмарлыққа бет алып, Тынық мұхитына қауіп төндіре алмайтындарын түсінуі тиіс. Өйткені, бұл теңіз бен мұхит жолдары арқылы сауда-саттық жүреді. Халықаралық судың қауіпсіздігін сақтау Пекиннің де міндеті» деді.


Айта кетерлігі, сәуір айында Вьетнамға жол тартқан Австралия кемелерін қытайлық әскери-теңіз флоты мазалаған. Олар Оңтүстік Қытай теңізінен өтіп бара жатқан кезде қытайлық әскерилермен қақтығысып қалған. Сондықтан Австралия премьер-министрі халықаралық су қауіпсіздігі мәселесін әлемдік деңгейде көтеріп, өз наразылықтарын білдірген болатын.


Ағылшын тілінен аударған

Алтынай ҚУАНЫШБЕК




 




Көрілген: 730    Пікірлер: 0

жұма, 04.05.2018, 15:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31