Саяси сахна

АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Иранға ескерту айтты

  • АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли.

    АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұма күні кешке шұғыл шақырылған отырысында АҚШ соңғы аптада Иранның көптеген қалаларында өтіп жатқан наразылық акцияларына қатысушы ирандықтарға қолдау білдіретіні туралы мәлімдеді, - деп хабарлады Аzattyq.org.


"Азаматтық құқықтар үкіметтің сыйға тартқаны емес, ол адамның тартып алынбайтын құқықтары. Иран режимі қазір бақылауда отыр. Күллі әлем сіздердің не істеп жатқандарыңызға көз тігіп отыр", - деп мәлімдеді АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли. Ол адам құқықтарын құрметтеу – сонымен бірге бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесі екенін айтып, адамдарды негізгі құқықтарынан айырған кезде тұрақтылыққа қатер төнетіндігін ескерткен.


"АҚШ Ирандағы еркіндікті, отбасыларының жетістігі мен елінің абыройлы болуына қалайтын адамдармен иық тірестіріп бірге тұрады", - деген Хейли.


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдердің көпшілігі Ирандағы адам құқықтарын қорғауға қолдау танытқан, сонымен бірге Франция, Қытай, Швеция және өзге де кей елдер Иранда болып жатқан жағдайды БҰҰ-да талқылаудың қисындылығына шек келтірген. Ресей мен Иран елшілері "Қауіпсіздік Кеңесін Иранның ішкі мәселесін талқылауға араластыруға әрекет жасап отыр" деп АҚШ-ты айыптаған. Олардың айтқанына Ұлыбритания мен Нидерланд өкілдері қарсылық білдірген.


Иранда инфляцияның шарықтауы мен баға қымбатшылығы және елдегі жемқорлыққа тұрғындардың жаппай наразылығы үкіметтің ішкі және сыртқы саясатына қарсылыққа ұласты. Соңғы мәліметтер бойынша, наразылық акциялары барысында кемінде 21 адам өлген. Жүздеген адам ұсталып, қамалған. Сонымен бірге Иранда билікке қолдау білдіру шерулері де ұйымдастырылып өткізілді. Иран мемлекеттік телеарнасы жұма күні елдің бірқатар қалаларында үкіметті қолдау шеруіне он мыңдаған адам қатысқаны туралы хабарлады.


АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразылық шеруіне шыққандарды қолдайтыны туралы бұған дейін Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында бірнеше мәрте мәлімдеген.


Иран билігі елдегі наразылық шерулерін "сыртқы күштер ұйымдастырды" деп біледі.


Аzattyq.org.




Көрілген: 362    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 06.01.2018, 20:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31