Саяси сахна

АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы тарихи кездесуге қауіп төнді

  • Фото: ашық дереккөзден

    Фото: ашық дереккөзден

Ақ үйдегі адвокат Руди Джулиани Ким Чен Ын АҚШ президентімен кездесу өткізуді «тізерлеп» сұрады деген мәлімдемесінен кейін саммиттің өткізілуіне қауіп төнді, деп хабарлайды РИА "Новости" cайты Bloomberg сілтеме жасап.


«Дональд Трамп КХДР басшысы Ким Чен Ынмен саммит өтпейді деп хабарлағаннан кейін, ол төрт аяқтап келіп кездесу өткізуді жалынып сұрады. Біз оны орнына қойғымыз келеді», – деді Руди Джулиани.


Сонымен қатар, ол Bloomberg телефонмен берген сұхбатында бұл сөздерімен әкімшілік арасында ортақ ештеме жоқ екенін алға тартқан.


«Бұл менің сөздерім. Олардың әкімшілікпен ортақ ештемесі жоқ», – деді ол телефонмен берген сұхбатында.


Ол атап өткендей, президент әкімшілігі оның ойына қатысты ештеме демеген және олар солтүстік кореялықтардың көңілін түсірмейді.


Айта кетейік, 24 мамырда Дональд Трамп КХДР-ның ашық түрде қоқанлоққы көрсетуіне байланысты 12 маусымға белгіленген солтүстік кореялық басшымен саммитті болмайды деп жариялады. Оның үстіне, Ақ үйдің Пхунгеридегі Солтүстік Кореяның ядролық полигонының бұзылуына көңілі толмай отыр.


Осы ретте, КХДР Трамптың Ким Чен Ынмен кездесуді болдырмауына байлынысты кез келген уақытта қалаған үлгіде АҚШ-пен саммит өткізуге дайынбыз деп жауап қайтарған.


Ал, 27 мамырда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс АҚШ делегациясы КХДР-мен саммит өткізу мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізу үшін Сингапурге баратынын хабарлады. Дональд Трамп пен Кым Чен Ын арасындағы кездесу Сигапурдың Сентос аралындағы Capella қонақүйінде өтеді.


baq.kz




 




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30