Саяси сахна

АҚШ президенттігіне үміткер Трамп келесі сайлауға дейін түрмеге қамалады деп болжам айтты

  • АҚШ президенттігіне үміткер Трамп келесі сайлауға дейін түрмеге қамалады деп болжам айтты

    АҚШ президенттігіне үміткер Трамп келесі сайлауға дейін түрмеге қамалады деп болжам айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп келесі президент сайлауына дейін, яғни 2020 жылға таман түрмеге қамалуы мүмкін. Мүндай пікірді Массачусетс штатынан шыққан сенатор-демократ әрі АҚШ президенттігіне үміткер Элизабет Уоррен айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.


“2020 жылға жеткенше Дональд Трамп президент болмауы да мүмкін. Ол шындығында бостандығынан да айырылуы мүмкін”, – деп келтіреді Уорреннің сөзін CNN телеарнасы.


Сенатордың айтуынша, Трамп күн сайын нәсілшілдікті немесе жеккөрушілікті қоздыратын твиттер жариялайды, оның жазбалары “арам пиғылды әрі ұсқынсыз”. Ол баспасөзді және өзге үміткерлерді қақпанға түспей, Трамптың әрбір әрекетін назарға ала бермеуге шақырды.


Сенбіде Уоррен өз кандидатурасын ұсынып, президенттік додаға ресми түрде кірісіп кеткен еді.


Айта кетейік, Трамп көп жылдан бері Уорренді үндіс ханшасының атымен және диснейлік Покахонтас мультфильмінің кейіпкерінің атауымен атап, мұқатып келген.


АҚШ президентінің сайлауы 2020 жылы қарашада өтеді. Дональд Трамп Республикалық партия атынан екінші мерзімге сайлануға ниетті.


Дереккөз: kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.02.2019, 12:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28