Саяси сахна

АҚШ санкция салу арқылы Қытай мұсылмандарын құтқармақ

  • АҚШ санкция салу арқылы Қытай мұсылмандарын құтқармақ

    АҚШ санкция салу арқылы Қытай мұсылмандарын құтқармақ

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданындағы мұсылмандарға жасалып жатқан қысымға қарсы АҚШ Қытайға санкция енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жайында мемлекеттік хатшы Майк Помпеоның көмекшісі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап.


Оның сөзінше, Вашингтон Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданындағы жағдайды бақылап отыр және қажетті шараларды қолдануға дайын.


Бұған дейін The New York Times басылымында шектеу шараларының енгізілу мүмкіндігі туралы мәлімет тараған. Ол кезде ұйғырларды саяси қайта тәрбиелеу мәселесіне қатысты жоғары шенді шенеуніктер ғана санкцияларға ілінетіндігі айтылған.


Сонымен қатар, лагерлердің құрылысы мен аймақта бақылау жүйесін енгізуге қатысқан қытайлық компанияларға қатысты шаралар қабылданбақ. Оның ішінде, биологиялық материалдар мен ДНК үлгісін жинаумен айналысып жүрген Hikvision және Dahua Technology компаниялары бар.


"Ақ үйде санкцияларды талқылау осымен бірнеше айға жалғасып келеді", - деп жазады басылым.


Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданындағы этниканың проблемасына жете мән бермегендігі айтылады.


Қытай үкіметінің пікірінше, тұрғындарының басым көпшілігі мұсылман болып келетін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы арқылы елге Пәкістан мен Ауғанстаннан теріс пиғылды исламистер келуде. Сондықтан Қытай үкіметінің мұндай шаралары лаңкестерге қарсы тұрып, осы аудандағы мұсылмандарға бақылау жасауға бағытталған.


 


 




Көрілген: 737    Пікірлер: 0

жұма, 14.09.2018, 21:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30