Саяси сахна

Аман Тулеев отставкаға кетуге өтініш білдірді

  • Аман Тулеев отставкаға кетуге өтініш білдірді

    Аман Тулеев отставкаға кетуге өтініш білдірді

Аман Тулеев Ресей президенті Владимир Путинге өз еркімен отставка кету туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


73 жастағы Аман Тулеев Кемеров облысын 1997 жылдан бастап басқарып келеді. Оның губернатор ретінде өкілеттігі 2020 жылы тоқтауы тиіс еді. Бүгінге дейін ол 93,5-96,69 процент дауыспен төрт рет қайта сайланған-ды.


«Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрттен кейін губернатор Путинмен өткен жиналыста митингке «барлық оппозициялық күш» пен «үнемі шатақ шығаратындардың» келгендерін айтты. Тулеевтің айтуынша, бұл адамдар осындай митингтер арқылы өздерінің проблемаларын шешіп алмақ. Осыдан кейін губернатор халыққа 10 минуттық видео үндеу жолдап, осының барлығын белгісіз адамдардың мақсатты түрде ұйымдастырып отырғандарын айтты.


Еске сала кетейік, 25 наурызда Ресейдегі Кемеровода «Зимняя вишня» сауда орталығынан өрт шығып, 64 адам, соның ішінде 41 бала қаза тапты. Зардап шеккендер саны 79 адамға жетті.


baq.kz


 


 




Көрілген: 796    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.04.2018, 11:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31