Саяси сахна

Арқа төсінде осындай ғажайып қала саламыз дегенде көпшілік сене қоймаған - Исекешев

  • Арқа төсінде осындай ғажайып қала саламыз дегенде көпшілік сене қоймаған - Исекешев

    Арқа төсінде осындай ғажайып қала саламыз дегенде көпшілік сене қоймаған - Исекешев

Астана әкімі елордалықтарды мерейтоймен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


"Құрметті астаналықтар және қала қонақтары! Сіздерді Астанамыздың жиырма жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Астана қысқа уақытта салынған айбынды мегаполис, тәуелсіздіктің символы. Елбасымыз осыдан жиырма жыл бұрын Арқа төсінде осындай ғажайып қала саламыз дегенде көпшілік сене қоймағанын жақсы білеміз. Дегенмен, мұның өміршең мұраттар арқалаған тарихи шешім болғанына бүгінде уақыттың өзі айқын дәлел. Қалаға салынған инвестиция өзін толық ақтап, Астана ел халқының мақтанышына, мемлекет дамуының локомотивіне айналды. Бүгінде елордамыз өзінің жиырма жылдық мерейтойына мол табыстармен, салмақты жоспарлармен жетіп отыр. Қаланы әлемнің ең үздік мегаполистерімен терезесі тең, тұрғындары бақуатты шаһарға айналдыру бағытында барлық қажетті шаралар қолға алынуда. Бұған бізде ресурстық әлеует те, толымды тәжірибе де, талап-ниет те жеткілікті. Сондықтан Астанамыздың келешегі кемел, жарқын сәттерге толы болады деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс пен береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін", - делінген әкімнің құттықтауында. Айта кетейік, бүгін елорданың 20 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатыр.

 




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

жұма, 06.07.2018, 13:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30